БҰҰ дабыл қақты: Сомалиде 3,3 миллионнан астам адам үйін тастап кеткен

245

Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.

БҰҰ дабыл қақты: Сомалиде 3,3 миллионнан астам адам үйін тастап кеткен Фото: ЖИ

Сомалиде гуманитарлық дағдарыс ушыға түсті. Бұл туралы БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БАҚ-тың жазуынша, бүгінде ел аумағында 3,3 миллионнан астам адам баспанасын тастап, босқын атанған. Олардың дені – әйелдер, балалар және қарттар. БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің деректеріне сүйенген OCHA-ның мәліметінше, тек қаңтар мен қыркүйек аралығында 800 мыңнан астам тұрғын басқа жаққа қоныс аударуға мәжбүр болған, бұған құрғақшылық себеп болған.

Басқарма мамандары Эль-Ниньо құбылысы тудыруы мүмкін су тасқындары желтоқсан айына дейін тағы жүздеген мың адамды үйсіз қалдыруы ықтимал екенін ескертті. Өткен айдың ішінде тасқын 17 500-ден астам адамға әсер етіп, 170 мыңнан аса тұрғынға зардабын тигізген. Бұған қоса, қыркүйек және қазан айларында Бай мен Бари аймақтарындағы қақтығыстар салдарынан шамамен 9 500 адам туған жерін тастап кеткен.

Халықаралық Қызыл крест комитеті Оңтүстік-Батыс федералдық штатындағы Бай және Бакул аймақтары азық-түлік тапшылығынан ең ауыр зардап шегіп отырған өңірлер қатарында екенін алға тартты. Наурыздан бері өршіген қарулы қақтығыстар құрғақшылықтан әлі ес жия алмай отырған халықтың жағдайын мүлде қиындатуы мүмкін.

OCHA-ның хабарлауынша, қаржының жетіспеуі елге көрсетілетін көмекті қысқартуға әкеліп отыр. Мәселен, қаражат тапшылығына байланысты азық-түлік көмегін алатындар саны қаңтардағы 1,1 миллионнан маусым айында шамамен 600 мың адамға дейін азайған. Биыл 233 тамақтандыру пункті мен 380 медициналық мекеме жұмысын тоқтатқан немесе қызмет көрсету ауқымын қысқартқан. Ведомство Сомалиге арналған 852 миллион доллар болатын гуманитарлық көмек жоспары небәрі 36 пайызға ғана орындалғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу