БҰҰ Қазақстан билігін бейбіт шеруге қатысқандары босатуға шақырады

Халықаралық сарапшылар "терроризм" терминінің мағынасын бұрмаламауды сұрады.  

БҰҰ Қазақстан билігін бейбіт шеруге қатысқандары босатуға шақырады

БҰҰ Қазақстан билігін бейбіт шерулерге қатысқаны үшін ұсталғандарды босатуға шақырады, деп жазды inbusiness.kz.

"Қазір барлық адам өлімі фактілерін дереу, тәуелсіз және бейтарап тергеуді қамтамасыз ету өте маңызды. Адамдар қауіпсіздік қызметінің пропорционалды емес күш қолдануы нәтижесінде қаза тапты ма, анықтау қажет", – деді БҰҰ адам құқықтары жөніндегі өкілі Лиз Троссель.

Сондай-ақ БҰҰ сарапшылары биліктің демонстранттарға, азаматтық белсенділерге, құқық қорғаушыларға және саяси партиялардың өкілдеріне қарсы "террористер" терминін кеңінен қолдануы қоғамда "үрей тудыру" мақсатын көздеуі мүмкін деп санайды.

"Терроризм" терминін теріс пайдалану Қазақстандағы жалпы қауіпсіздікке нұқсан келтіреді және халықаралық құқық контекстінде белгілі бір мағынаға ие болған сөздің мәнін бұрмалайды", – делінген БҰҰ-ның арнайы баяндамашылары мәлімдемесінде.

Олар "терроризм" сөзімен биліктің көзқарасымен келіспеген немесе елде жасалған әлеуметтік-экономикалық жағдайларға қарсы шыққандардың аузын жабуға болмайды" деген пікірде.

Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның Қылмыстық кодексінде мұндай әрекеттерге байланысты зорлық-зомбылық әрекеттерін сипаттайтын терминология қарастырылған және билік оны қолдануы керек.

"Билікке наразылық білдірушілерге қатысты "террористер" терминін пайдалану лаңкестік бойынша заңдарды пайдаланып, халыққа оқ атуға, күш қолдануға мүмкіндік береді", – деді БҰҰ сарапшылары.

Ұйым "қаруды қолдану өзін-өзі қорғау жағдайында және барлық басқа әдістер таусылғанда ғана рұқсат етіледі" деп атап өтті.

"Бұл қағида елдің билігінің келісімімен Қазақстан аумағында әрекет ететін шетелдік күштерге бірдей қолданылады", – делінген БҰҰ мәлімдемесінде.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанға соңғы жылдары жауапкершілікті арттыру бойынша қабылданған шараларды еске салып, билікке адам құқықтары мен заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі өз міндеттемелерін растауды ұсынды.

"Адам құқықтары саласындағы мәселелердің кері жылжуы Қазақстанның барлық азаматтары үшін теріс әсер етеді. Сонымен қатар әлемдік деңгейде ел үкіметінің беделіне нұқсан келтіреді. Заң үстемдігі мен адам құқықтарын сақтауға негізделген шешімдер бұл жағдайдан шығуға көмектеседі", – деді Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшылары.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 2 қаңтары Маңғыстау өңірінде басталған газ бағасын арзандату бойынша бейбіт шеру Алматы, Талдықорған сынды елдің ірі қалаларында жалғасын тапты. 5 қаңтар оның арты жаппай тәртіпсіздікке ұласып, 8 мыңнан аса адам тонау, қару-жарақ ұрлау сынды баптар бойынша айыпталып, ішкі істер органдарына жеткізілді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу