Былтыр Алматы мен Италия арасындағы сауда айналымы 700 млн АҚШ долларынан асты

233

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риумен кездесіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жайын талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Былтыр Алматы мен Италия арасындағы сауда айналымы 700 млн АҚШ долларынан асты Фото: canva

Кездесу барысында тараптар 2025 жылы Алматы мен Италия арасындағы тауар айналымы 700 млн АҚШ долларынан асып, 2,3%-ға өскенін атап өтті.

Сонымен қатар, өзара іс-қимыл әлеуеті әлі де жоғары деңгейде сақталып отырғаны айтылды.

Алматы үшін қалалық тау кластерін қалыптастыру аясында Италияның тау-шаңғы курорттарын дамыту тәжірибесі, оның ішінде курорттарды басқару және халықаралық сервис стандарттарын енгізу тәсілдері ерекше қызығушылық тудырады.

Елші Алматының ел экономикасындағы стратегиялық маңызын атап өтіп, инвестициялық байланысты кеңейту мүмкіндіктеріне тоқталды. Италиялық компаниялар аспалы жолдар салу, жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру және ғимараттарды жаңғырту бағытында тәжірибеге ие.

Тараптар ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу