Осыған орай "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Үкімет басшысының бірінші орынбасары–қаржы министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
Ол бойынша енді Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (орысша "КИСИ" деген брендімен белгілі) және "Ортком" басшысы да осы қатарға енеді.
"Осы заттай нормалар "Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" мемлекеттік мекемесінің, "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің және Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысына да қолданылады", – делінген құжатта.
Бұрын "баспасөз орталығы" қызметін атқарып келген "Орталық коммуникациялар қызметі" жақында ғана мәртебесі жоғарылап, Президент жанынан қайта құрылғаны мәлім.
Сонымен бірге ҚСЗИ басшысы да көлікпен жүруі бюджет есебінен кепілдендірілетін мемлекеттік маңыздағы тұлға деп танылып отыр.
Жобаны әзірлеуші ведомство – Қаржы министрлігінің түсіндіруінше, "Қазақстан Президенттің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 22 шілдедегі №75 және 76 жарлықтарын іске асыру мақсатында әлгі аталған ұйымдарына көлік қызметін көрсету мақсатында қызметшілер лауазымдарын толықтыру ұсынылуда.
Жанат Ардақ