Бюджеттен қаржыландыратын жобалардың құрылысын аяқтауға қаржы жетпей жатыр

1891

Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты компаниялар қиындыққа тап болған. Оларға бюджеттен қаржыландырылатын нысандардың құрылысын аяқтауға қаржы жетпей отыр.

Бюджеттен қаржыландыратын жобалардың құрылысын аяқтауға қаржы жетпей жатыр

Бюджеттен қаржыландыратын 600-ден аса құрылыс жобасының құнына түзету енгізу қажет. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезінде басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Биыл құрылыс материалдарының күрт қымбаттауы байланысты бюджеттен қаржыландырылатын құрылыс жобаларының құнына түзету енгізу қажеттілігі туындады. Бүгінде 600-ден аса құрылыс жобасын түзету енгізу ұсынылды. Мердігер ұйымдар қаражаттың болмауына байланысты тапсырыс берушілерге қосымша қаржыландыру мәселесін көтеріп жатыр. Жергілікті бюджеттен, ол жетіспеген жағдайда республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру керек деп ойлаймыз", - деді "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 

Айта кетейік, жыл басынан бері елде құрылыс материалдары 25% қымбаттаған (Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің дерегінше).

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу