Бюджетті жоспарлауға арналған 5 қосымша

13822

DAR компаниясы бір айға жуық бюджетті есептей алатын,  тіпті сіз үшін бухгалтерияны жүргізетін бес қосымшаны ұсынады.

Бюджетті жоспарлауға арналған 5 қосымша

Біз демалуға арналған бюджетті немесе қонақ бөлмеге жаңа диван сатып алуды әрдайым жоспарлауға тырыссақ да, айдың аяғында ақшаның қайда кеткенін түсінбей қаламыз. Ойын-сауық орындары, фитнес және таксиге кеткен ақша соңында күтпеген шығындардың үлкен тізіміне айналып, жоспарлаған демалыс қайта кейінге қалдырылады. DAR компаниясы бір айға жуық бюджетті есептей алатын, коммуналдық қызметтерді төлеу туралы еске салатын, тіпті сіз үшін бухгалтерияны жүргізетін бес қосымша туралы айтып бермек.

Money Wiz  

Money Wiz ең танымал қаржылық қосымшалардың бірі болып табылады. Қосымшаны құрастырғандар оның ішіне 400-ден астам түрлі функцияны сыйдыра алды. Қосымша қаржы және шоттарды басқаруға көмектеседі, Интернет-банкингпен синхрондайды, тіпті криптовалюта нарығындағы сауда-саттыққа да шолу жасайды. Негізін салушылардың пікірінше, Money Wiz қолданушыларды қаржымен мұқият болуға үйретіп қана қоймай, сонымен қатар толықтай бухгалтерлік есеп беру құралы бола алады. Басқа да ұқсас қосымшалардағыдай, тегін нұсқаның мүмкіндіктері шектеледі, ал премиум нұсқасына айына $ 2,99 төлеуге тура келеді.

Платформа: iOS және Android

Бағасы: 2,99 доллардан басталады.

Дзен-мани

Дзен-мани ыңғайлы және қарапайым интерфейске ие, ал оның тегін функциялары айдың соңындағы дәстүрлі бухгалтерлік есепті жүргізуге көмектеседі. Ерекшеліктері: қосымша мен веб-нұсқа арасындағы деректерді синхрондау, қарызды есепке алу, отбасы мүшелерінің әрқайсысы үшін жеке аккаунт, сондай-ақ жеке және жалпы есепшоттарды бөлу. Сонымен қатар, функционалдың көп бөлігі тегін болып қалады, бұл қосымшаны одан да тартымды етеді.

Платформа: iOS және Android

Бағасы: тегін, қосымша сатып алулар да бар.

Handy Money

Handy Money сатып алуды, ақша аударымдары мен шығындарды бақылап қана қоймай, банктен келген хабарламаларды тану мүмкіндігіне ие. Бұл сізге шығындар тізіміне транзакцияларды автоматты түрде жазып қоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Handy Money-де деректерді экспорттап және оны Google Drive арқылы синхрондауға болады, бұл деректерді жоғалып кету қауіпінен сақтап, есептік жазбаңызды бақылап тұруға мүмкіндік береді.

Платформа: iOS және Android

Бағасы: тегін, қосымша сатып алулар да бар.

Splittable

Егер сіз біреумен бірігіп жалдамалы пәтерде тұратын болсаңыз немесе басқа да ортақ шығындарыңыз болса, Splittable қосымшасы сіздің әр қайсыңыздың қанша ақша жұмсағаныңыз туралы ақпарат беріп, кімнің коммуналдық шоттарды төлейтін кезегі келгенін де есептеп береді. Мысалы, сіз бір топ студенттермен бірігіп пәтер жалдап тұратын болсаңыз, қосымша азық-түлікке, электр энергиясына кім қанша ақша жұмсағаны туралы толық ақпаратты ұсынып, ортақ шығындарыңыздың тәртібін сақтайды.

Платформа: iOS және Android

Бағасы: тегін, қосымша сатып алулар да бар.

Bills Monitor

Ай сайынғы міндетті төлемдер – жалықтырыды.  Сіз үнемі коммуналдық қызметтерді төлеуді немесе интернетке ақша аударуды ұмытып кетесіз бе, ендеше Bills Monitor қосымшасы сізге арналған. Бұл қосымша барлық тұрақты шығындарыңызды қадағалап отыруға және коммуналдық қызметтерге немесе фитнес-залына ақы төлеудің уақыты келгенін еске салып отырады. Есептерді бақылаумен қатар, қосымша ақшаңыздың басқа шығындарға қаншалықты қажет екенін түсіну үшін бюджетті есептеуге көмектеседі.

Платформа: iOS және Android

Бағасы: тегін, қосымша сатып алулар да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу