БЖЗҚ жаңа жеткіліктілік шегін жариялап, салымшыларды елең еткізді

1598

Төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы қажетті жинақ көлемін анықтаудың халықаралық тәжірибесіне негізделген. 

БЖЗҚ жаңа жеткіліктілік шегін жариялап, салымшыларды елең еткізді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін айқындаудың өзгертілген әдістемесіне сәйкес есептелген МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану шеңберінде 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шектері:

Жасы

Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілігінің шегі, теңге

Жасы

Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілігінің шегі, теңге

20

6 670 000 

42

14 160 000 

21

6 960 000 

43

14 560 000 

22

7 250 000 

44

14 980 000 

23

7 540 000 

45

15 400 000 

24

7 840 000 

46

15 820 000 

25

8 150 000 

47

16 250 000 

26

8 460 000 

48

16 690 000 

27

8 770 000 

49

17 140 000 

28

9 090 000 

50

17 590 000 

29

9 420 000 

51

18 050 000 

30

9 750 000 

52

18 510 000 

31

10 090 000 

53

18 980 000 

32

10 430 000 

54

19 460 000 

33

10 780 000 

55

19 950 000 

34

11 130 000 

56

20 450 000 

35

11 490 000 

57

20 950 000 

36

11 850 000 

58

21 460 000 

37

12 220 000 

59

21 970 000 

38

12 600 000 

60

22 500 000 

39

12 980 000 

61

23 030 000 

40

13 370 000 

62

23 570 000 

41

13 760 000 

-

-

Жаңа Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері болашақтағы нысаналы зейнетақы төлемдерінің көрсеткіштеріне негізделіп айқындалады және салымшының әрбір жасына қарай ай сайынғы төлемдердің келтірілген құнын есептеудің стандартты формуласы арқылы есептеледі.

Аталған формула болашақтағы төлемдердің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер) және қаржылық (кірістілік мөлшерлемелері мен төлемдерді индекстеу көрсеткіштері) факторларды ескереді.

Төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы қажетті жинақ көлемін анықтаудың халықаралық тәжірибесіне негізделген. Сондықтан есептеу нәтижелері макроэкономикалық көрсеткіштер болжамдарының өзгеруіне азырақ тәуелді болады. Сонымен қатар есептеулерде бұрынғыдай республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленетін ең төменгі зейнетақы мен ең төменгі жалақы мөлшерлері пайдаланылады.

Бұл ретте формулада жинақтың бір бөлігін пайдаланған сәттен бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңде түсетін болашақ зейнетақы жарналары есепке алынбайды. Мұндай тәсіл жинақтарының бір бөлігін пайдаланған азаматтардың болашақта төмен мөлшердегі жинақтаушы зейнетақы алу қаупін азайтуға бағытталған.

Сонымен бірге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге пайдалану құқығы сақталады. Зейнетақысы бұрынғы табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй және емделу мақсаттарына жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады. Сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын жасаған азаматтар мен мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын тұлғалардың зейнетақы шотында қалған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығы бар.

Ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтарды пайдалану мүмкіндігі де сақталады. Алайда азаматтардың болашақта жеткілікті әрі тұрақты зейнетақы төлемдерін алуын қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып, алуға болатын қаражат көлемін айқындау тәсілдері жетілдірілуде.

ТЖШ мөлшері салымшының жасына қарай 79% және одан жоғары өсті. Яғни зейнеткерлік жас жақындаған сайын болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қойылатын талаптар күшейіп, зейнетақы шотында сақталуға тиіс қаражат көлемі де артады. Осыған байланысты зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтар үшін ТЖШ мөлшері екі еседен астам ұлғайды.

Бұл олардың зейнетақы жинақтарының шоттарында сақталып, әрі қарай инвестициялануын қамтамасыз етеді және болашақтағы зейнетақы төлемдерінің едәуір артуына мүмкіндік береді. Бұрынғы Әдістеме бойынша жинақтың бір бөлігін алғаннан кейінгі төлемдер медиандық жалақының шамамен 15%-ын құраса, жаңа Әдістеме бойынша бұл көрсеткіш медиандық жалақының шамамен 40%-ына дейін жетеді.

Осылайша, ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындаудың жаңа әдістемесі салымшылар үшін неғұрлым ашық әрі болжауға ыңғайлы және халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтардың зейнеткерлік кезеңде тұрақты зейнетақы кірісімен қамтамасыз етілуіне бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу