Cайлау бюллетендеріне "бәріне қарсымын" деген жазу енгізген жөн – Қасым-Жомарт Тоқаев

3033

Мемлекет басшысы VII шақырылымдағы парламенттің алғашқы сессиясында өткен сайлау саяси бәсекені арттыруға ықпал еткенін айтты. 

Cайлау бюллетендеріне "бәріне қарсымын" деген жазу енгізген жөн – Қасым-Жомарт Тоқаев

"Мәжіліс пен мәслихаттарға білікті, абыройлы адамдар келді. Бұған партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30%- квота белгілеу арқылы қол жеткіздік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент сайлау барысында баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы қалыпты нәрсе болуға тиіс екеніне тоқталды. 

"Барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне "бәріне қарсымын" деген жазу енгізген жөн", – деді Қазақстан басшысы. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу