Camry 70-ті мамырда мінесіз

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
16296

Қазақстанға Toyota Camry-дің сегізінші буыны келе жатыр.

Camry 70-ті мамырда мінесіз

"Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы Toyota Camry-дің сегізінші буыны – Camry 70-тің алдағы мамыр айында Қазақстанда саудаға шығатынын хабарлады. Әзірше бағасының қанша екені беймәлім. Бір анығы, аталған көлік ресми дилерлердің қолына 2018 жылдың мамыр айында түспек.

Деректерге сүйенсек, былтыр қазақстандық дилерлер Toyota Camry-дың 3334-ін сатқан екен. Camry-дың бұған дейінгі буыны – Camry-65-тің бағасы 9 млн 870 мың теңгеден басталып, 10 млн 830 мың теңгеге дейін жететін. 2018 жылдың қаңтар айында Қазақстанда аталған автокөліктің 181-і сатылыпты.

"Camry-дің соңғы буыны жұртшылықты бірден баурап алғанын қаладық. Сондықтан, автокөліктің бұл түрін бастан-аяқ жаңадан құрастырдық десе де болады. Әсіресе, динамикалық сипаттамаларына, сондай-ақ, көліктің жүрістік бөлігіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл өз кезегінде көліктің сапасын одан әрі арттыра түсті. Осылайша, оны айдаған адам ерекше ләззат алатын болды", – деп пікір білдіріпті Toyota Motor Corporation-ның бас конструкторы Масато Кацумата.

Көлік TNGA модельдік платформасында құрастырылған. Бұл платформа қазірдің өзінде Toyota C-HR кроссоверінің базасы ретінде қолданылып келеді. Бұған дейінгі буынмен салыстырғанда, Camry-70-тің шанағы әлдеқайда кең әрі төмен. Шанақтың қаттылығы 30%-ға артып отыр. Ал көліктің биіктігі керісінше 25 миллиметрге төмендеген.

Дөңгелек дискілерінің диаметрі – 16-17 дюйм. Шанақтың алты түсі болады. Оның үшеуі (көк, седепті эффекті бар ат металлик және қара-қоңыр металлик) жаңадан қосылып отыр. Автокөліктің бұған дейінгі буындардан басты ерекшелігі – көлік жиектерінің қыздырылатындығы. Camry-дің осыған дейінгі түрлерінде мұндай функция болған емес.

Toyota Touch® 2 Go мультимедиялық жүйесінде 22 тіл бар, сондай-ақ Wi-Fi технологиясы қарастырылған. Осылайша, смартфонды пайдалана отырып онлайн-функцияларды атқаруға мүмкіндік бар.

Camry 70 алты дыбысты ұлғайтқышы бар дыбыстық жүйемен жабдықталған. Жаңа автокөліктің тағы бір ерекшелігі – 3,5 литрлік V6 бензин қозғалтқышымен жабдықталуы.

Оны құрастырушылар сыртағы шуды, вибрацияны және қаттылықты төмендетудің түрлі шешімдерін пайдаланған. Осының нәтижесінде көлік салоны салоны жұмсақ әрі әлдеқайда тыныш.

Көліктің басқа да артықшылықтары бар.

Еске сала кетейік, Camry моделі 1982 жылдан бастап шығарыла бастады. Бүгінде бұл көлік әлемде 19 миллионнан астам тиражбен сатылған. 100-ден астам елдің тұрғындарды Toyota Camry-ді тізгіндеп жүр. 

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу