Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында еркін күрестен финалға шыға алмады. Олимпиада ойындарының жартылай финалында 57 килодағы балуанымыз үндістандық Рави Кумармен кездесіп, жеңіліп қалды. Кездесу барысында Нұрислам 9:2 есебімен жеңіп тұрып, таза жеңілді. Жауырыны жерге тиді. Енді үндіс балуан финалда ресейлік Заур Угуев пен ирандық Реза Атри арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу