"ЦентрКредит" банкі #IronCard контактісіз карталарын іске қосты

19423

ЦКБ-нің ең жоғарғы премиум деңгейіндегі жаңа картасы #IronCard деп аталады және ЦентрКредит Банкінің және Visa халықаралық төлем жүйесінің авторлық дизайнын, мәртебесін, айрықша артықшылығын үйлестіреді.

"ЦентрКредит" банкі #IronCard контактісіз карталарын іске қосты

ЦентрКредит Банкі карта иесінің жоғарғы мәртебесін көрсетуге бағытталған, сонымен қатар сапалы және жайлы қаржы құралы болып табылатын металдан жасалған бірегей картаны шығара бастады. #IronCard халықаралық төлем жүйесінің өнімдер желісіндегі ең беделді картасы Visa Infinite негізінде жасалған.

Металл әр уақытта беріктік және сенімділік нышаны болған және болып  қалады, – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің Басқарма Төрағасы Ғалым Хұсаинов. Сондай-ақ металл – бұл сауыт және қаупісіздік. Біз #IronCard-қа өзіміздің дәстүрлерімізді және инновациялық технологияларымызды енгіздік, кең сұраныстағы артықшылықтарды және қаржы басымдылығын қостық. Картаның иелері үшін #IronCard өте жақсы жаңа жылдық сыйлық және сенімді қаржы серігі болатынына кәміл сенемін. Бұған қоса ЦентрКредит Банкі нарыққа VIP-клиенттерге арналған металдан жасалған контактісіз карталарды шығарған алғашқы қазақстандық банк болып табылатынын атап өткім келеді. Барлық тұлғаларды 2020 жылғы қаңтар айы ішінде картаны 50% жеңілдікпен ресімдеуге шақырамын".

#IronCard иелері:

  • Бірқатар базалық кэшбектерді*:
  • Барлық операциялар үшін – 2%
  • 1 000 000-нан 6 000 000 KZT дейін салымы болған кезде +1% 
  • 6 000 000 KZT бастап салымы болған кезде + 2%
  • Контактісіз төлемдерді (соның ішінде ApplePay);
  • Дүние жүзі бойынша кез келген банкоматтан қолма-қол ақшаны тегін алу мүмкіндігін;
  • Дүние жүзі бойынша Lounge Key-ді шектеусіз қолдану және 2020 жыл ішінде Нұр-Сұлтан қ. әуежайының бизнес-залына алты рет кіру мүмкіндігін;
  • Тәулік бойы консьерж-сервисті пайдалану мүмкіндігін;
  • Visa Luxury Hotel Collection, Agoda.com және Avis бойынша жеңілдіктерді иеленеді.
  • Карта иелерін және олардың отбасы мүшелерін 1 млн USD дейін толық сақтандыру:
  • Медициналық көмек
  • Рейстің күшін жою
  • Жол жүгінің жоғалуы
  • Сатып алған тауарларды қорғау.

* Бір айға ең жоғарғы сома – 100 000 KZT

#IronCard бетіне сілтеме: https://www.bcc.kz/ironcard/

"Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 108-ден аса құрылымдық бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді. Банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге ҚР ҰБ 28.01.2015 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия. Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу