Цхададзеге айыппұл салынды

1561

Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтті.

Цхададзеге айыппұл салынды

Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысында OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионатының VII турындағы "Ордабасы" мен "Қайрат" матчы, сондай-ақ медициналық хаттаманы бұзған қызылордалық "Қайсар" футбол клубының ойыншысына қатысты шешімдер қабылды.
Қарсылас команданың бас жаттықтырушысына былапыт сөздер айтқаны үшін:

- "Ордабасы" ФК бас жаттықтырушысы Кахабер Цхададзе бір матчқа шеттетіліп, 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

- "Ордабасы" ФК бас бапкерінің көмекшісі Георгий Чихрадзе бір матчқа шеттетіліп,  100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

- "Ордабасы" ФК президенті Бақтияр Байсейітов бір матчқа шеттетіліп, оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Шешім 2020 жылдың 31 тамызынан бастап күшіне енеді. Айыппұлдарды төлеу мерзімі 2020 жылдың 2 қазанына дейін. Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 53-бабына сәйкес қабылданды.

Бір матчта бес ойыншысы ескерту алуына байланысты "Қайрат" ФК-на 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұлды төлеу мерзімі 2020 жылдың 2 қазанына дейін. Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес қабылданды.

Мединциналық хаттаманы бұзып, бетперде және қолғапсыз бейтаныс адамдармен суретке түскен "Қайсар" футбол клубының ойыншысы Думан Нәрзілдаевқа 40 АЕК айыппұл салынды. Келесі ойынға дейін медициналық сынақтың нәтижесін тапсыруға міндетті. Айыппұлды төлеу мерзімі 2020 жылдың 2 қазанына дейін.

Шешім ҚКФЛ-ның ресми хаты, медициналық хаттаманың ережелері негізінде және ҚФФ Тәртіптік ережелерінің 66-бабына сәйкес қабылданды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу