Changan Қазақстанға келуде

1738

"Астана Моторс" брендтің ресми өкілі болды.

Changan Қазақстанға келуде

"Астана Моторс" құрамына кіретін Silkway Auto Kazakhstan компаниясы Changan (ҚХР) автомобиль брендін Қазақстанда ресми түрде сату құқығына ие болды. Silkway Auto Kazakhstan мен Changan International Corporation арасындағы дистрибьюторлық келісімге қол қойылды.

"Біз тұтынушылардың "Астана Моторс" портфелінде ұсынылған брендтерге деген қызығушылығының артқанын көріп отырмыз және отандық нарыққа жоғары сапалы жаңа автомобильдерді жеткізу үшін бизнес-көкжиектерді кеңейтудеміз. Changan International Corporation - ғасырлық тарихы және елеулі сату ауқымы бар автоөндіруші, бұл бүкіл әлем бойынша 20 миллионнан астам автомобиль сатқан алғашқы қытайлық компания. Брендтің халықаралық мойындалуы Changan қазақстандық нарықта өзінің табысты тарихын жалғастыратынына сенімділік береді", – дейді "Астана Моторс" бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

"Астана Моторс" Қазақстанның автомобиль нарығының көшбасшысы репутациясына ие. Компанияның әлемдік автомобиль брендтерімен табысты ынтымақтастығының отыз жылдық тарихы команданың бай тәжірибесі мен жоғары кәсіпқойлығын куәландырады. Біздің бірлескен күш – жігеріміз Қазақстанның сатып алушыларына Changan автомобильдері мен сервистерінің брендтің әлемдік стандаттарға сай жоғары деңгейін толық көлемде бағалауға мүмкіндік беретініне сенімдімін", – деп атап өтті Changan International Corporation бас директоры Макс Сонг.

Changan – Қытайдың автомобиль шығаратын ең ірі концерндерінің бірі. China Association of Automobile Manufacturers (CAAM) деректері бойынша Changan International Corporation компаниялар тобының сатылымдары Қытай автобрендтері арасында әлемде бірінші орын алады. Бүгінде бұл әлемдік автоөнеркәсіптің технологиялық көшбасшыларының бірі: зерттеулер мен дамуға салған компания инвестицияларының көлемі соңғы 16 жыл бойы концерннің әлемдік кірісінің 5%-дан астамын құрайды.

Әлемнің 6 еліндегі компанияның 9 бейінді ғылыми-зерттеу және дизайнерлік орталықтары бірлесіп әлемнің 70-тен астам еліндегі тұтынушылар үшін автомобильдер жасайды. Changan зауыттары өндірістің жоғары әлемдік стандарттарына сай.

Компания әлемнің жетекші жоғары технологиялық компанияларымен бірлесе бірнеше жұмыс альянстарын құрды. Changan International Corporation 2025 жылға қарай электромобильдердің үлесі 35% құрайтын, жылына 3 млн автомобиль сатуды жоспарлап отыр. 2030 жылға қарай электромобильдердің 60% үлесімен жылына 4,5 млн дана көлік сатуды көздеуде.

"Changan тарихы 160 жылға созылады және біз үшін Қытайдың ең көне және сонымен бірге ең прогрессивті автомобиль брендтерінің бірін ұсыну үлкен мәртебе. Қытай тілінде бренд атауы "ұзақ мерзімді" – Chang және "қауіпсіздік" – An дегенді білдіреді. Changan автомобильдерінің басты артықшылығы – уақытпен сыналған сапа. Брендтің жаһандық миссиясы-зияткерлік технологиялар және энергетикалық тиімділік. Біз Қазақстанда осы құндылықтарды қолдауға, дилерлік желіні кеңейтуге, қауіпсіздік деңгейі жоғары, заманауи дизайны бар жоғары технологиялық автомобильдерді, сондай-ақ тұтынушыларымыз үшін сервис сапасының жоғары деңгейін ұсынуға ниеттіміз", – деп қорытындылады Silkway Auto Kazakhstan директоры Сергей Галкин.

Changan дилерлік желісінде сатуға арналған автомобильдер ағымдағы жылдың қыркүйегінде, Алматыдағы Mycar Kuldzhinka жаңа автоорталығында брендтің жаңа стандарттары бойынша салынған Changan дилерлік орталығы өз есігін ашқан кезде Қытайдағы зауыттардан тікелей жеткізіле бастайды. Mycar Kuldzhinka мекен-жайы-Құлжа трактісі, 108/10.

Дистрибьютор ағымдағы жылдың соңына дейін өз желісін Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы дилерлермен кеңейтуді жоспарлап отыр. 2023 жылдың соңына қарай Ақтөбе, Ақтау,Тараз, Қызылорда, Петропавл, Көкшетау, Семей және Талдықорған қалаларында тағы сегіз дилерлік орталықтар ашылады.

Модельдік топтамасының аясында CS35PLUS және CS55 ықшам кроссоверлері, CS75FL орташа өлшемді кроссовері, сонымен қатар Changan брендінің жаңа технологиялық флагманы – Туриндегі Еуропалық дизайн бюросында дүниеге келген UNI-K кроссовері ұсынылады. Модельді Қытайдағы алғашқы иелері бай жабдықтар, эргономика, жайлылық және заманауи дизайны арқасында жоғары бағалады. Қазақстандық нарық үшін жиынтықтар тізбесі кейінірек жарияланатын болады.

Қазақстандағы Changan туралы толық ақпарат 7007 телефоны бойынша беріледі, "Астана Моторс" компаниясының тәулік бойы байланыс орталығы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу