UFC-дегі жеңіл салмақ дәрежесінің бұрынғы чемпионы Чарльз Оливейра гипотетикалық салыстыру кезінде өзін Хабиб Нурмагомедовтен жоғары бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Winner Stays On" форматындағы ойын барысында бразилиялық спортшыға әртүрлі жекпе-жек жұптары ұсынылған. Ол бірнеше танымал файтерге қатысты таңдау жасап, соңында Хабиб Нурмагомедовпен салыстыру кезінде өз кандидатурасын таңдаған.
Оливейраның бұл жауабы жанкүйерлер арасында қызу пікірталас тудырды. Себебі Хабиб Нурмагомедов UFC тарихындағы жеңіл салмақтағы ең табысты чемпиондардың бірі саналады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу