Чехия президенті: "Ресейдің ресурстары сарқылып барады"

Ол Еуропа мен Ресей арасындағы текетірес ашық әскери қақтығысқа ұласуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Чехия президенті: "Ресейдің ресурстары сарқылып барады" Фото: BILD

Чехия президенті Петр Павел BILD басылымына берген эксклюзив сұхбатында Еуропа елдерін Мәскеумен келіссөздер жүргізу үшін ортақ ұстаным қалыптастыруға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оның сөзінше, Еуропаның қатысуынсыз болашақ қауіпсіздік жүйесінің архитектурасы жөнінде келісімге келу мүмкін емес. Десе де, АҚШ пен Ресей әзірге Еуропалық одақ өкілдерімен келіссөз жүргізуге ниетті болмай тұр.

– Олар Еуропаны байыппен қабылдамайды. Өйткені, біздің қаншалықты бөлшектенгенімізді, қаншалықты әлсіз екенімізді және қандай да бір шешім қабылдауға қанша уақыт жұмсайтынымызды көріп отыр. Егер біз мұны таяу уақытта өзгертпесек, онда мүлде елеусіз күшке айналамыз, – деді Петр Павел.

Чехия президентінің пікірінше, Украинадағы соғысты тоқтату үшін Батыс Мәскеуге ынталандыру тетігін ұсынуы керек. Мысалы, экономикалық байланыстар мен сауда қатынастарын қайта жандандыруға болады. Десе де, оның басты шарты атысты тоқтату болуы тиіс.

Павелдің айтуынша, Ресейдің ресурстары сарқылып барады. Ал қыркүйек айында Ресей армиясының қаза тапқан және жараланған әскери қызметшілерінің саны шамамен 50 мыңға жетуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу