"Челси" Дастан Сәтпаевқа жеке жаттықтырушы тағайындады

486

Британдық TheChelseaChronicle басылымы Дастан Сәтпаевтың болашағына байланысты арнайы материал жариялап, оның Чемпиондар лигасындағы ойын мәнеріне жоғары баға берді.

"Челси" Дастан Сәтпаевқа жеке жаттықтырушы тағайындады Фото: ҚФФ

Лондондық "Челси" "Қайрат" клубының 16 жастағы шабуылшысы, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаевтың Тұманды Альбионға көшуін жеделдетуі мүмкін.

Оның Чемпиондар лигасындағы сәтті өнер көрсетуі аясында лондондық басылым TheChelseaChronicle порталы пікір білдірді.

"Эстеван Уиллиан мен Андрей Сантос секілді жас таланттар "Челси" сапында толық маусым өткізіп жатқан кезде, клуб Дастан Сәтпаев та "Стэмфорд Бриджде" жарқырайтын келесі жұлдыз болады деп үміттенеді", – деп жазады портал. 

Сондай-ақ, клуб жас футболшыға жеке жаттықтырушы да алған екен. 

"Футболшы Қазақстаннан келесі жазға дейін жұмыс істеуге рұқсат алса, елден ерте кетуі мүмкін. Дастан Сәтпаевқа әлі де ұзақ даму жолынан өту қажет. Алайда "Челси" оның сенімді қолда екенін айтады. Клубтың оған жеке жаттықтырушы тағайындауы – жас қазақстандыққа артылып отырған зор үміттің айғағы", – деп жазады TheChelseaChronicle.

Айта кетейік, қазіргі таңда Дастан Сәтпаев Қазақстан премьер-лигасындағы үздік сұрмергендердің бірі.

Ол биылға маусымда 18 матч өткізіп, 8 гол соғып үлгерді. Ал, УЕФА Чемпиондар лигасы аясында 4 матчқа қатысып, 2 голмен қатар 1 ассист жасады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу