"Челси" Дастан Сәтпаевтың "Бернли" сапында ойнауына рұқсат бермеді

150

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Англия Чемпионшипіндегі "Бернли" мен "Чарльтон" арасындағы матчқа қатыcпады.

"Челси" Дастан Сәтпаевтың "Бернли" сапында ойнауына рұқсат бермеді Фото: burnleyfootballclub.com

Оған футболшының құқығын иеленетін лондондық "Челси" клубы рұқсат бермеген. Бұл туралы Burnley Express басылымының журналисі Мэтт Скрафтон жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kursiv.kz порталына сілтеме жасап.

"Никки Хайен жаңа ғана "Челсидің" Дастан Сәтпаевқа бүгін кешке ойнауға рұқсат бермегенін айтты. Сондай-ақ Зеки Амдуни тобығындағы жарақатына байланысты 4–6 аптаға қатардан шықты. Бір қиындықтың артынан екіншісі келді", – деп жазды журналист.

Алайда "Челси" қазақстандық футболшыға не себепті ойнауға рұқсат бермегені әзірге белгісіз.

"Бернли" соңғы минутта жеңісті жіберіп алды

"Бернли" мен "Чарльтон Атлетик" арасындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері ойынның 96-минутында гол жіберіп алып, жеңісті уысынан шығарып алды.

Дегенмен бір ұпай еншілеген команда Чемпионшиптің турнирлік кестесінде төменгі үштіктен шығып, 21-орынға көтерілді.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев бұған дейін жарақатынан кейін алаңға оралып, "Уотфордқа" қарсы кездесуде қосалқы құрамнан ойынға қосылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу