"Челси" футболшылары 500 мың доллар сыйақыларын Диогу Жотаның отбасына аударды

301

Португалиялық футболшы Диогу Жота жол апатынан қайтыс болған еді. 

"Челси" футболшылары 500 мың доллар сыйақыларын Диогу Жотаның отбасына аударды Фото: goal.com

Лондондық "Челси" футболшылары 2025 жылғы клубтық әлем чемпионатындағы жеңісі үшін алған барлық бонустарын бұрынғы "Ливерпуль" шабуылшысы Диогу Жотаның отбасына аударды.

Қайырымдылық сомасы 15,5 миллион долларды құрады. Қаражат футболшының әйелі мен балаларына берілді.

Алғашында турнирдегі жеңіс үшін берілген бонустар "Челси" ойыншылары арасында бөлініп, әрқайсысына шамамен 500 мың доллардан тиген. Кейін команда мен клуб басшылығы бірлесіп, дәл осы соманы Жотаның отбасына және апатта қаза тапқан оның бауыры Андре Силваның отбасына аудару туралы шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, 3 шілдеде Испанияда 2020 жылдан бері "Ливерпуль" футбол клубының ойыншысы болған Диогу Жота қайғылы жағдайда қаза тапты. Сол күні португалиялық футболшы туған бауырымен бірге жол-көлік апатына түсіп, көз жұмды.

Испанияның батысындағы Самора провинциясында болған апатқа жылдамдықты арттыру мен дөңгелектің ақауы себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу