/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 24 580,91 Hang Seng 24 266,06
FTSE 100 6 045,69 РТС 1 215,69
KASE 2 437,62 Brent 36,55
Чемпионат тағы да кейінге шегерілді

Чемпионат тағы да кейінге шегерілді

3-тамызға жоспарланған ел чемпионты тағы да өтпейтін болды.  

20:25 29 Шілде 2020 809

Чемпионат тағы да кейінге шегерілді

Автор:

Ермұхамед Мәулен

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан чемпионаты алғаш рет наурызда тоқтатылған. Оған дейін ҚПЛ тек екі тур ғана өткізіп үлгерген. Ал 1-шілде чемпионат қайта жалғасын тапқанымен, елімізде коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты карантин жарияланып, чемпионат тоқтатылды. Сонымен қатар «Ертіс» премьер-лигадан шығып қалғандықтан, әр клуб бір тур ойындарына қатыспайтын болды. Турнирлік кестеде «Қайрат» көш бастап тұрған. Чемпионат енді 3-тамыз күні басталады деп жоспарланғанымен, карантин тағы екі аптаға ұзартылды.

Осыған дейін 24-шілде күні Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы қазақстандық клубтардың басшыларымен бейнеконференция өткізіп, Азамат Айтқожин OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатын жалғастыруға қатысты Федерация мен Лиганың жоспарларымен бөліскен. Аталған жарыс 3-тамызда басталып, бір локацияда, яғни Алматы және Талғар қалаларында өтеді деп хабарлаған. Енді ол жоспар да жүзеге аспады. Бұл туралы бүгін Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында жарияланды.

«Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Мемлекет басшысының карантин уақытын ұзарту туралы шешіміне байланысты барлық футбол жарыстарының өткізілуі кейінге қалдырылғаны туралы хабарлайды.
Футбол маусымының жалғасуы Қазақстан Республикасында карантиннің аяқталуына байланысты болады», - деп хабарлады ҚКФЛ ресми сайты.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының басшысы мұндай шешім Еурокубок ойындарына қатысатын қазақстандық командаларға кері әсерін тигізуі мүмкін дейді. Оның айтуынша маусым қайта жалғаспаса, халықаралық ойындарға қатысатын командалар сайысқа ешбір дайындықсыз барады. Елордалық «Астана» Чемпиондар лигасының іріктеу ойындарына 18-19 тамыз, ал «Қайрат» пен «Ордабасы» 27-тамыз қатысады. Сондай-ақ 2019-жылғы Қазақстан Кубогінің иегері қызылордалық «Қайсар» Еуропа Лигасының іріктеу ойындарын тамызда бастайды.

Ермұхамед Мәулен