"Арсенал" мен "Қайрат" кездесуінде кімдер төрелік ететіні белгілі болды

154

UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі 8-тур аясында өтетін алматылық "Қайрат" пен лондондық "Арсенал" арасындағы кездесуге кімдер төрелік ететіні белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Арсенал" мен "Қайрат" кездесуінде кімдер төрелік ететіні белгілі болды Фото: headout.com

Кездесуге швейцариялық төрешілер бригадасы тағайындалды. Бас төреші – Урс Шнидер, көмекшілері Марко және Беньямин Цюрхер, төртінші төреші – Свен Вольфенсбергер.

Матч 28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні сағат 01:00-де Лондон қаласындағы "Эмирейтс" стадионында өтеді. Кездесу "Qazaqstan" телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл ойынға "Қайрат" сапынан бірқатар ойыншы қатыса алмайды. Атап айтқанда, Дастан Сәтпаев, Азамат Тұяқбаев және Олжас Байбек командаға көмектесе алмайды.

Айта кетейік, негізгі кезең барысында алматылық клуб Португалияның "Спортингіне" (1:4), Испанияның "Реал Мадридіне" (0:5), Италияның "Интеріне" (1:2), Грекияның "Олимпиакосына" (0:1), Данияның "Копенгагеніне" (2:3) және Бельгияның "Брюггесіне" (1:4) есе жіберіп, Кипрдің "Пафосымен" (0:0) тең ойнаған.

Ал "Арсенал" турнир кестесінде сенімді көш бастап келеді. Ағылшындық клуб 7 турдың барлығында жеңіске жетіп, 21 ұпай жинаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу