Алматылық "Қайратқа" бельгиялық "Спортинг-Андерлехт", ал "Семейге" польшалық "Пяст Гливице" қарсылас атанды.
1/8 финалдың алғашқы матчтары 24 қарашада, ал қарымта кездесулері 5 желтоқсанда өтеді. Жеңімпаз болған 8 команда 2 матчтық ширек финалға жолдама алады. Бұл кезең келесі жылдың 23 ақпанында және 6 наурызында өтеді.
Турнирдің финалдық кезеңі 8 және 10 мамырда Италияның Пезаро қаласында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде "Қайрат" Португалияның "Спортинг", Косовоның "Приштина" және Хорватияның "Ново Вриеме" клубтарымен бір топта болып, 6 ұпай жинап, 2-орын алған еді.
Ал "Семей" 3 ұпаймен Испанияның "Пальма", Францияның "Этуаль" және Чехияның "Хрудим" клубтарымен бір топта 3-орынға ие болды.