RU KZ
KASE 2 380,91 РТС 1 237,00 DOW J 25 750,92 Hang Seng 29 060,91 FTSE 100 7 306,10 Мыс 6 531,22
$ 378.17 € 429.11 ₽ 5.88
Ауа райы:
0Астана
+11Алматы
KASE 2 380,91 РТС 1 237,00
DOW J 25 750,92 Hang Seng 29 060,91
FTSE 100 7 306,10 Мыс 6 531,22
Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеребесі тартылды

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеребесі тартылды

Футболдан UEFA лигаларының ақпан айында өтетін ойындарының кестесі жарияланды. 

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеребесі тартылды, футбол, Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, футболдан UEFA лигасы

Фото: UEFA.com

1806 18 Желтоқсан 2018 09:07 Автор: Маруан Түсіп

Әуелі Чемпиондар лигасының плей-офф сатысына шыққан 16 команда арасында жеребе тартылып, сегіз жұп түзілді. Әрі көп кешіктірлмей бірінші ойындар мен қарымта матчтар күнтізбесі жарияланды.

Чемпиондар лигасы, 1/8-финалы. Ойындар күнтізбесі:

12 ақпан және 6 наурыз

«Манчестер Юнайтед» (Англия) – «Пари Сен-Жермен» (Франция)

«Рома» (Италия) – «Порту» (Португалия)

13 ақпан және 5 наурыз

«Тоттенхэм» (Англия) – «Боруссия» Дортмунд (Германия)

«Аякс» (Нидерланд) – «Реал» (Испания)

19 ақпан және 13 наурыз

«Лион» (Франция) – «Барселона» (Испания)
«Ливерпуль» (Англия) – «Бавария» (Германия)

20 ақпан және 12 наурыз

«Шальке-04» (Германия) – «Манчестер Сити» (Англия)
«Атлетико» (Испания) – «Ювентус» (Италия)

Бұдан кейін Еуропа лигасының 1/16 финалына шыққан 32 команда да жеребе тарту арқылы жұп-жұбымен жіктелді. Осы ретте Қазақстан жанкүйерлерінің назары «Астана» клубымен «K» тобында бірге ойнаған Киевтің «Динамосы» мен Францияның «Ренн» клубына ауды. Кім біледі, плей-оффқа Қазақстан чемпионы шыққанда, «Бетис» клубымен кездесер ме еді?!

«Виктория» (Чехия) – «Динамо» Загреб (Хорватия)
«Брюгге» (Бельгия) – «Зальцбург» (Австрия)
«Рапид» Вена (Австрия) – «Интернационале» (Италия)
«Славия» Прага (Чехия) – «Генк» (Бельгия)
«Краснодар» (Ресей) – «Байер» (Германия)
«Цюрих» (Швейцария) – «Наполи» (Италия)
«Мальме» (Швеция) – «Челси» (Англия)
«Шахтер» (Украина) – «Айнтрахт» (Германия)
«Селтик» (Шотландия) – «Валенсия» (Испания)
«Ренн» (Франция) – «Бетис» (Испания)
«Олимпиакос» (Греция) – «Динамо» Киев (UKR)
«Лацио» (Италия) – «Севилья» (Испания)
«Фенербахче» (Түркия) – «Зенит» (Ресей)
«Спортинг» (Португалия) – «Вильяреал» (Испания)
БАТЭ (Беларусь) – «Арсенал» (Англия)
«Галатасарай» (Түркия) – «Бенфика» (Португалия)

Негізі Еуропа лигасының 1/16 финалындағы бірінші ойындар 14 ақпанда, ал қарымта матчтары 21 ақпан күндері өтуі керек болатын. Бірақ UEFA сайтының мәліметіне сенсек, «Фенербахче» мен «Зенит» арасындағы бірінші ойын 12 ақпанда, ал «Севилья» мен «Лацио» және «Арсенал» мен БАТЭ арасындағы қарымта матчтар 20 ақпан күні өтеді екен.

Маруан Түсіп

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK