Чемпиондар Лигасына іріктеу: "Астана" белорусиялық клубпен кездеседі

1696

Футболдан Қазақстан чемпионы "Астана" еурокубоктың іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында белорусиялық футбол клубымен кездесетін болды.

Чемпиондар Лигасына іріктеу: "Астана" белорусиялық клубпен кездеседі

2020-2021 жылғы Чемпиондар Лигасына іріктеудің алғашқы айналымына жеребе тарту рәсімі бүгін Швейцарияның Ньон қаласында өтті. Елорданың футбол командасына Чемпиондар Лигасы алғашқы іріктеу кезеңінде қарсылас атануы мүмкін 4 команда "Динамо" (Брест, Беларусь), "Рига" (Латвия), "Тирана" (Албания) және "Силекс" (Солтүстік Македония) түскен болатын. Нәтижесінде Михал Билектің шәкірттері Брест қаласында "Динамоға" қарсы ойнайтын болды.

Естеріңізге сала кетсек, коронавирусқа байланысты еуроіріктеуде биыл алғашқы үш кезеңде небәрі бір кездесуден ғана өткізетін болды. Алғашқы кездесуде алаң қожайыны белорусиялық клуб болғандықтан 18-тамызға екі күн қалғанда УЕФА Белорусияның эпидемиологиялық жағдайы мен "Астананы" қабылдауға дайындығы жайлы тексеру жүргізеді. Белорусияға келер болсақ, бұл елде коронавирус пандемиясы өршіген тұста да футбол ойындары тоқтатылмаған еді. Ал, еліміздегі карантинге байланысты белорусиялық клубтың Қазақстанға  келуі үлкен мәселеге айналуы мүмкін.

Белорусиялық "Трибуна" басылымына жарияланған мақалалардың бірінде жергілікті журналистердің бірі Белорусиялық клубпен "Астананың" кездесетіні тосын сый болғандай, деп жазды. Себебі Қазақстан чемпиондары биылғы жылдың наурыз айынан бастап ресми кездесу өткізбеген және олардың тобына әзербайжандық "Карабах" та түсті. "Астана" мен "Карабах" "Динамо-Брест" кездесу өткізуді армандаған клубтар екен.

"Наурыз айынан бастап футбол ойнамаған. Бұл Белорусия чемпионадары үшін тағдырдың сыйы болды және тамаша мүмкіндік. "Маккаби" мен Тбилисидің "Динамосы" ойынды қарқынды өткізуде. Бұл нұсқалармен кездесу өткізуді қаламас едім. Ең үлкен мәселе – ол ойынның көрермендерсіз өтуі. Себеі Брестте футболдың жанкүйерлермен және жанкүйерлерсіз өтуі бұл екі түрлі дүние", - деп жазды белорусиялық сарапшы.

Сенбі күні "Ордабасы" командасы мен "Астана" кездесіп, елордалық футбол клубы 1:4 есебімен шымкенттік командаға жол берді. Отандық клубтан ұтылғанымен, енді белорусиялық клубқа қарсы ойында "Астанаға" қателікке жол беруге болмайды. Егер елордалық команда жеңіліп жатса, онда Чемпиондар Лигасынан шығып қалғаны үшін қомақты қаржы жоғалтады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу