Алматылық "Қайрат" "Ново Вриеме" командасынан басым түссе, "Семей" "Хрудим" клубын тізе бүктірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қайрат" төртінші топта сынға түсуде. Қарсыласы – әйгілі "Спортинг" (Португалия) және "Приштина" (Косово), "Ново Вриеме" (Хорватия).
Біржан Оразов ойынның 8 және 9-минутта мергендігімен танылып, дубль авторы атанды. Одан соң 16-минутта Эдсон Сантос таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді. Екінші таймда хорватиялық клуб есеп айырмасын қысқартумен шектелді. Кездесу 3:2 есебімен аяқталды.
"Қайрат" бүгін, яғни 30 қазан күні Португалияның "Спортингімен" алаңға шықса, 1 қарашада косоволық "Приштинаға" қарсылас атанады.
Аталған турнирде қазақстандық "Семей" командасы да тартысты ойын көрсетуде. Үшінші топтағы алғашқы ойынында олар "Хрудим" клубын 9:5 есебімен тас-талқан етті.
Семейлік ұжым 30 қазанда "Этуаль" (Франция), 1 қарашада "Пальма" (Испания) командаларымен өзара мықтыны анықтамақ.