ПСЖ Арсеналды оңай жеңді

356

Интер мен ПСЖ Еуропаның басты кубогы үшін таласады.

ПСЖ Арсеналды оңай жеңді Фото: thesun.co.uk

2024/25 маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасы өзінің шешуші сәтіне жетті.

Қарқынды өткен жартылай финал кездесулерінен кейін финалда кімдердің ойнайтыны белгілі болды. Бұл – италиялық Интер мен француздық Пари Сен-Жермен. Финалдық матч 31 мамыр күні Мюнхендегі Арена Мюнхенде өтеді. 

Миландықтар биылғы маусымда өздерін нағыз еуропалық гранд ретінде көрсетті. Жартылай финалда олар каталониялық Барселонаны қиындықпен жеңіп, екі матчтың қорытындысы бойынша 7:6 есебімен финалға жолдама алды. Бұл Интердің тарихындағы жетінші финалы. Команда классикалық италиялық футболды, яғни қорғанысқа негізделген, бірақ шабуылда ширақ ойын үлгісін сақтап отыр. 

ПСЖ аңсаған кубокқа тағы бір қадам қалды. Париждік клуб үшін бұл екінші финал. Команда Арсеналды еш мүмкіндіксіз жеңіп, 1:0 және 2:1 нәтижелерімен келесі кезеңге өтті. ПСЖ енді тек жұлдызды құрамымен емес, сондай-ақ тактикалық сауаттылығымен де ерекшеленеді. Бәлкім, дәл осы тепе-теңдік оларға Еуропалық турнирдің шыңына шығуға мүмкіндік берер.

Мюнхендік финал амбицияның айқасы болмақ. Бір жағында еурокубок жеңіп көрген, бай тарихы бар Интер, екінші жағында – кубокқа қол жеткізуді армандайтын ПСЖ. Қайсысы жеңеді?

Бұл сұрақтың жауабын 31 мамыр күні білеміз. Бір анығы финал футбол жанкүйерлері үшін ұмытылмас шоу болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу