Осылайша, плей-офф кезеңіне өткен барлық командалар белгілі болды.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алғаш рет қатысқан алматылық "Қайрат" жалпы кезеңдегі 8 матчтың 7-еуінде жеңіліс тапты. Команда 7 гол соғып, өз қақпасына 22 гол жіберді. Нәтижесінде, "Қайрат" турнирлік кестеде 36-орынға тұрақтап, плей-офф кезеңіне шыға алмады.
Жалпы кезең қорытындысы бойынша турнирдің үздік 8 командасы 1/8 финалға тікелей жолдама алды. Олар: "Арсенал", "Бавария", "Ливерпуль", "Тоттенхэм", "Барселона", "Челси", "Спортинг" және "Манчестер Сити".
Ал келесі 16 клуб 1/8 финалға шығу үшін өтпелі матчтарда бақ сынайды. Бұл тізімге "Реал Мадрид", "Интер", "ПСЖ", "Ньюкасл", "Ювентус", "Атлетико Мадрид", "Аталанта", "Байер", "Боруссия Дортмунд", "Олимпиакос", "Брюгге", "Галатасарай", "Монако", "Қарабах", "Буде-Глимт" және "Бенфика" клубтары енді.
Чемпиондар лигасының өтпелі матчтары 17-18 ақпанда өтсе, жауапты кездесулер 2026 жылдың 24-25 ақпанына жоспарланған. Ал плей-оффтың негізгі кезеңі наурыз айында басталады.