6 ақпанда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 Mubadala Abu Dhabi Open турнирінің жартылай финалына шықты.
Бірінші сетте 6:2 есебімен қазақстандық теннисші жеңіске жетті. Оған 29 минут жұмсады. Екінші кезеңде Жабер есепті теңестірді – 6:4. Ал үшінші сетте тай-брейкте Еленаның жолы болды – 7:6 (7:4). Теннисшілер кортта 2 сағат 15 минут уақыт өткізді.
Рыбакинаның келесі қарсыласы ширек финалда чехиялық Маркета Вондроушованы 7:5, 6:3 есебімен ұтқан швейцариялық Белинда Бенчич болмақ.
Бүгін, 7 ақпанда Рыбакина жартылай финалда өнер көрсетеді. Матч Қазақстан уақыты бойынша 19:00-де басталады.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 064 510 долларды құрайды.
Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің өткен жылғы чемпионы екенін айта кетейік. Ол биыл 500 рейтингтік ұпаймен қатар чемпиондық атағын қорғап қалуы тиіс.