"Қайрат" Қазақстан премьер-лигасының 22-туры аясында "Оқжетпесті" 1:0 есебімен жеңіп, турнирлік кестеде "Астананы" қуып жетті. Жалғыз голды 8-минутта португалиялық Жоржиньо соқты. Бұл оның биылғы чемпионаттағы 8-голы. Осылайша ол Дастан Сәтпаевты қуып жетті.
"Қайраттың" еншісінде енді 46 ұпай бар, "Астананың" да көрсеткіші дәл сондай. Үшінші орында – 44 ұпайы және бір ойыны артық "Тобыл". "Оқжетпес" алтыншы орында тұр – 32 ұпай.
24 мамырда көкшетаулықтар Алматыда өткен бірінші айналым ойынында "Қайратты" 2:1 есебімен жеңген еді.
"Қайраттың" келесі матчы 14 қыркүйекте Алматыда "Ақтөбеге" қарсы өтеді. Ал 19 қыркүйекте "Қайрат" Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі алғашқы кездесуін Португалияда "Спортингке" қарсы өткізеді.