ЧФР командасы мені таңқалдырды. "Астана" бапкері ойымен бөлісті

2714

"Астана" командасының бас бапкері Роман Григорчук Чемпиондар лигасының ойыны аяқталысымен өз ойымен бөлісті.

ЧФР командасы мені таңқалдырды. "Астана" бапкері ойымен бөлісті

– Негізі бұл команда бізден мықтырақ еді. Бірақ, кешегі ойыны мүлде басқа болды. Ортадағы ойыншылары керемет қимылдады. Тек олардың қорғаушылары мен шабуыл шебіндегі ойыншылары дұрыс қимылдамады. Мен осыған дейін бұл команданың ойындарын көріп шықтым. Ол кезде мүлде басқаша ойнайтын. Ал бізге қарсы матчта олар басқаша әрекет етті. Бұл жағы мен қатты таңқалдырды. 

 Румыния чемпионының өз алаңында жақсы ойнайтынын білеміз. Жауапты матчтан не күтесіз?

– Бүгін бізге жанкүйерлер қолдау көрсетті. Соның арқасында көптеген футболшымыз шабыттанып ойнады. Жас қорғаушымыз Лука Шимуновичке риза болдым. Өте сауатты ойнады. Ал Шомконың орнына шыққан Бейсебеков артылған тапсырманы тегіс орындады. Тек Марин Томасовты ғана ерте алмастыруға мәжбүр болдым. Ол шаршап қалды. Себебі, бірнеше күн бұрын оның баласы ауырып, сырқаттанып қалды. Марин содан болар жаттығуларды дұрыс өткізе алмай, үнемі алаңдаулы жүрді. Бүгін де ойын басындағы ширақтығы екінші таймда жалғасын таппады. Сосын оны алмастыруға тура келді. Екінші ойында Томасов жақсы ойнауға тиіс. Сосын жаңадан алған шабуылшымыз Фирмин Мубеле де көмектеседі. Ол енді-енді бабына келіп жатыр. Ол өте жылдам әрі өткір шабуылдайтын форфард. Сондықтан да, жауапты ойынға демалып, тынығып, тың күшпен аттанамыз. Басты мақсат –келесі кезеңге өту. 

Айта кетейік осыдан бірнеше күн бұрын "Астана" футбол клубының басшылығы команда Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтпесе, бас бапкер Роман Григорчук қызметінен босатылады деп мәлімдеген еді. Жауапты ойын 16-шілде күні Румынияда өтеді. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу