Цифрландыру агросекторды айналып өтпеуге тиіс

Цифрландыру агросекторды айналып өтпеуге тиіс

18:36 19 Қазан 2017 2037

 Цифрландыру агросекторды айналып өтпеуге тиіс

Автор:

Фархат Әміренов

Жыл соңына дейін субсидиялаудың үш бағыты электронды форматқа көшірілмек.

Атап айтқанда, тыңайтқыш, гербицид және сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қызметтері автоматтандырылады. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің көшпелі отырысында ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев мәлім етті.

Ермек Көшербаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігіне 100 мемлекеттік қызмет бекітілген. Оның 60-тан астамы ішінара автоматтандырылған. 2017-2018 жылдары субсидиялау, ветеринарлық және фитосанитарлық құжаттарды ұсыну секілді тағы да 30-ға жуық қызметті электронды форматқа көшіру жоспарланған.

"Мәселен, келер жылы субсидиялаудың қалған 16 бағытын автоматтандыру міндеті тұр. Бұл ретте олардың ережелеріне өзгерістер енгізу қажет. Биыл ветеринарлық анықтамаларды электронды форматта беру ілкі жоба режимінде жүзеге асырылды. Сонымен қатар төрт түлікті идентификациялау, ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздікті мониторингілеу, ауыл шаруашылығы техникаларын тіркеу, астық қолхаттарын ұсыну секілді үрдерістер автоматтандырылған", – деді Ермек Көшербаев.

Жауапты хатшының айтуынша, цифрлық жүйеге көшуде ең алдымен қолға алынатын шаруа – заңға өзгеріс енгізу.

"Цифрлық жүйеге көшуде шетелдің озық тәжірибесі ескерілуде. Жалпы, бұл жүйенің артықшылығы көп. Біріншіден, кәсіпкерлерге едәуір көмек болса, екіншіден, сыбайлас жемқорлықтың үлесі азаяды. Бұл бағытта атқарылар шаруа көп. Қомақты қаржының қажеттігі айтпаса да түсінікті", – деді Ермек Көшербаев.

Бұл мәселе алдағы дүйсенбі күні парламенттің үкімет сағатында кеңінен талқыланбақ. 

"Ауыл шаруашылығы – экономиканың маңызды бағытының бірі. Алдағы 2-3 жылда ішкі жалпы өнімнің 5,6%-ын агроөнеркәсіп кешені құрауға тиіс. Бұл ретте ауыл шаруашылығы секторы машина жасау, құрылыс, қайта өңдеу салаларынан асып түсуі керек", – деді парламент мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко.

Фархат Әміренов

Ұқсас материалдар:

kyrgyzdyn-tauaryna-bagytty-zhol-kartasy-nuskajdy

agris-prejmanis-shikizattyk-sektordagy-arbir-ondiristik-tiz

arzannyn-nany-tatti

senimsizdik-sindromy

energetika-ministrligi-benzin-bagasy-kuldyrajdy-dep-sendird

загрузка

×