Covid-19: қазақстандық туризм тығырықтан қалай шығады?

6939

Бүгін Atameken Business арнасында "Атамекен" ҰКП өкілдері мен кәсіпкерлердің қатысуымен телемарафон өтті. 

Covid-19: қазақстандық туризм тығырықтан қалай шығады?

Онлайн басқосуда ішкі туризмді дамыту мүмкіндіктері, қазіргі туризмнің жағдайы мен несие беру мәселесі талқыланды. Телемарафонға қатысқан Батыс Қазақстан облысындағы "TourWestKaz" деп аталатын компанияның жетекшісі Айболат Құрымбаев ішкі туризмге қатысты пікірімен бөлісті.

"Батыс Қазақстан облысында экскурсия, экспедицияларды ұйымдастырумен айналысамын. Әрине, қазіргі уақытта, өкінішке қарай, ешқайда шыға алмай отырмыз. Осы айдан бастап мен қаланың орталығындағы кеңсемді тапсыруға мәжбүрмін. Себебі ешқандай пайда жоқ. Жалақы төлеу керек. Сонымен қатар олардың жалдамалы ақшасын да төлеу керек. Сондықтан біз өз жұмысымызды тоқтатып отырмыз. Бірақ әлеуметтік желідегі жұмысымызды жалғастырамыз. Шыны керек, Батыс Қазақстан өңірін алатын болсақ, ішкі туризмге бет бұрылып жатыр. Бірақ өңір әзірге ішкі туризмді толықтай қамтасыз етуге дайын емес", — деді ол.

Ал Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Олжас Жансейітов несие беру мәселесіне тоқталды. Ол аймақта пандемия кезінде микроқаржы ұйымы ашылатынын айтып өтті. "Екінші деңгейлі банктер кредитті оңай бере салмайды. Олардың шарттары өте қиын. Сондықтан Шымкент қаласы бойынша жергілікті әкімшілікке жергілікті антикризистік бағдарлама ұсынған болатынбыз. Сол антикризистік жоба бойынша бізде микроқаржы ұйымы ашылатын болады. Ол жерде жеңілдетілген 4 пайызбен қаражат беріледі. Оның ішінде туризм саласы да бар. Бізде көптеген мейрамхана мен дәмхана бар, 116 қонақүй бар. Түркістан облысында туризм саласы зардап шегіп отыр", — деді.

ATAMEKEN BUSINESS арнасының тілшісі онлайн туризмге бет бұру жағы қалай болып жатыр деген сұрақ қойған еді. Оның сауалына "Атамекен" ҰҚП Туризм департаментінің директоры Дамиля Құнанова:

"Сыртқы туризммен айналысқан туроператорлар ішкі туризмді дамытуды, онлайн экскурсияны дамытуды, сондай шараларды бастап жатыр. Негізі олар (қазіргі жағдайды) түсініп отыр. Оларды қазіргі сыртқы туризмнің болашағы,  мемлекеттік шекаралар, әуе жолдары қашан ашылады деген сауалдар алаңдатып жатыр. Сондықтан қазір олар осы орайда өздерінің жұмыстарына өзгеріс енгізіп жатыр", — деп жауап қатты.

Онлайн талқылайдың толық нұсқасын төмендегі видеодан тамашалай аласыздар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу