Бүгін Қытайдың Чжаоцин қаласында ерлер мен әйелдер арасында ватерполдан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әйелдер арасында 6 құрама – Қазақстан, Қытай, Жапония, Сингапур, Өзбекстан, Гонконг айналма жүйе бойынша кім мықтыны анықтайды.
Ұлттық құрама бірінші матчта 12-6 есебімен Сингапурды жеңді.
Голдар:
2 голдан – Каплун, Рахманова, Новикова, Руднева, Миршина
1 голдан – Глухова, Набиева
Ерлер арасындағы турнирге 9 команда қатысады. Олар 2 кіші топқа бөлінген. Қазақстан өз тобында Қытай, Сингапур және Гонконгпен ойнайды.
Бүгін бірінші матчта біздің спортшылар жарыс қожайынымен кездеседі.
Айта кетейік, бәсеке финалистері шілдеде Сингапурда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.