banner

Дағыстандағы той. Хабиб жеңіліссіз келеді

4050

Дастин Порьемен кездескен Хабиб Нұрмогамедов кезекті жеңісіне жетті. Дегенмен қарсылас Дастин бұл жолы біршама шыдас берді.

Дағыстандағы той. Хабиб жеңіліссіз келеді

Әбу-Дабиде өткен UFC 242 кешінің басты кездесу Хабиб пен Порье арасында өтті. 3-раундтың соңына таман Хабиб қарсыласын қылқындыру әдісі бойынша жеңіп кетті. Дегенмен, Дастин Порье де өте абыройлы қарсылық көрсетті. Бұл жеңіліс оның спорттық ғұмырындағы 6-жеңіліс еді. Ал Хабиб Нұрмогамедов 28 кездесуінде де жеңіске жетті. Кейбір мамандардың айтуынша Дастин Порье Конор МакГрегорға қарағанда тегеурінді қарсылыс көрсетті.

Бұл жеңісті Хабибтің бүкіл әлемдегі фанаттары әртүрлі тойлап өтті. Әсіресе Дағыстандағы жағдайды айтып жеткізу мүмкін емес. Қазір Махачкала қаласында автокөлік қозғалысы тоқтап, көшеге шыққан көліктің барлығы дабыл басып, әндетіп, дударлатып тойлатып жатыр.

Промоутерлердің пікірін бірден сұрастыра бастаған баспасөз құралдары енді Хабибті кім жеңуі мүмкін деген сауалға бас қатыруда. Дастин Порьенің промоутері Уайттың айтуынша Хабибті бір жеңсе Тони Фергюссон жеңуі мүмкін екен. Шамасы біршама уақыттан соң Хабиб – Фергюссон кездесуін көріп те қалатын сыңайлымыз. Алайда, кешегі кездесу аяқталысымен Конор МакГрегор өзінің туиттеріне "Мәскеудегі реваншқа билет ала беріңіздер" деп жазыпты. Ирландиялық танымал спортшы Хабибтен қарымта қайтарғысы келіп жүргені анық. Демек, бір ай көлемінде бұл мәселенің де анық-қанығы анықталып, Хабибті жеңемін деушінің есімі де белгілі болар.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу