"Дала сыры, тау жыры". Балаларға арналған саяхат кітабы

849

2022 жылғы 15 мамырда Астана қаласындағы Қуыршақ театрында елордалық руханият өкілдері мен кішкентай балдырғандарға "Дала сыры, тау жыры" атты бастауыш сынып оқушыларына арналған көркем суретті жаңа кітап таныстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Дала сыры, тау жыры". Балаларға арналған саяхат кітабы

Étage дизайн студиясы дайындап, "Шеврон" компаниясының қолдауымен жарыққа шыққан бұл кітап несімен ерекшеленеді?

Біріншіден, кітап қазақ және орыс тіліндегі екі нұсқада жарық көріп отыр. Орыс тіліндегі нұсқасы "Тайны Страны Гор и Степей"деп аталады.

Екіншіден,  кітап балаларға Қазақстанның алуан айшықты табиғат байлығын, оның қайталанбас сұлулығы мен нәзіктігін, жергілікті мәдениеті мен дәстүрлерін таныстыруды мақсат еткен. Сол себепті еліміздің балалар әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасып үлгерген жас жазушылардың қызықты хикаяттарға толы әңгімелері мен заманауи ертегілері бір жинақта ұсынылған. Әрбір шығарманың сюжеті балаларды өзіне елітіп, атамекеніміздің әртарапына саяхат жасауға, туған жердің сыры мен жырын, тылсым құпиясы мен тарихын тануға, білуге жетелейді. Осы тұрғыдан алғанда, кітап өз мақсатына жеткен деуге болады. Себебі сатылымға түскен кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасының басым бөлігі әлден-ақ сатылып кетті. Бұл – жаңа кітаптың үшінші ерекшелігі.

Қуыршақ театрында өткен таныстырылымға Толымбек Әбдірайым, Зәуре Төрехан,  Серікбол Хасан сынды балалар жазушылары мен ақындары, Дархан Мыңбай, Айгүл Мүкей және басқа да қоғам қайраткерлері мен медиа-тұлғалар, журналистер мен блогерлер, сондай-ақ осы жоба мен кітап авторлары, "Шеврон" компаниясының өкілдері қатысып,  балалар әдебиеті төңірегінде пікірлесті. Авторлар жоба тарихы мен оны жүзеге асыру барысы туралы айтып, әріптестерінің сауалдарына жауап берді.

“Шеврон” компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің Корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры, Еркін Зікібаевтің айтуынша, “Шеврон” 1993 жылы Қазақстанмен әріптестік орнатқан алғашқы халықаралық энергетикалық компаниялардың бірі болып келді. “Біздің инвестицияларымыз мұнай-газ өндірісімен ғана шектелмейді. "Шеврон" компаниясының  әлеуметтік инвестициялары қазақстандықтардың сапалы білім алу, денсаулық сақтау мүмкіндіктерін кеңейтіп, жастарға кәсіпкерлік пен инновация үшін жағдай жасайды.  

"Біздің инвестицияларымыз мұнай-газ өндірісімен ғана шектелмейді. "Шеврон" компаниясының  әлеуметтік инвестициялары қазақстандықтардың сапалы білім алу, денсаулық сақтау мүмкіндіктерін кеңейтіп, жастарға кәсіпкерлік пен инновация үшін жағдай жасайды. Бүгін серіктестерімізбен бірге мақтанышпен ұсынып отырған кітабымыз жас қазақстандықтардың оқуға құштарлығын арттырып, сонымен қатар қоршаған әлемге қызығушылық танытып, ізденімпаз болып өсуіне жағымды ықпалын тигізеді, және бұл мемлекет болашағы үшін өте маңызды", – деп қорытындылады Еркін Зікібаев.

Іс-шараның екінші бөлігі кішкентай оқырмандардың қатысуымен жалғасты. Оның барысында кітап авторларының бірі Нұрайна Сәтпаева балдырғандарға өз хикаятын оқып берсе, Қуыршақ театрының әртістері кітапқа кірген шығарма негізінде дайындаған шағын қойылымын көрсетті.  Ал ұйымдастырушылар театрға келген барлық балаға басылымның бір-бір данасын тарту етті.

Бір айта кетерлігі, жаңа кітаптың сатылымнан тыс бөлігі көпшілікке қолжетімді болуы үшін еліміздің ірі кітапханаларына, галереялары мен мәдени орталықтарына тегін таратылған.

 "Шеврон" туралы

"Шеврон" – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз адамзат прогресі үшін қолжетімді, сенімді және таза энергия қажет деп санаймыз. "Шеврон" мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнай-химия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біздің мақсатымыз мұнай-газ саласындағы біздің дәстүрлі бизнес бағытымызды дамыту, қызметіміздегі көміртек шығарындыларын азайту және жаңартылатын отын түрлері, сутек, көміртекті ұстап қалу, офсеттер мен басқа да инновациялық технологияларды пайдалану сияқты төмен көміртекті бизнес бағыттарын дамыту. "Шеврон" туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Étage туралы

Étage дизайн студиясы графикалық дизайн, веб-дизайн, сценография, фото и бейне жобалар өндірісі саласында қызмететр ұсынады. Команданың портфолиосындағы жұмыстар   FIFA, LVMH, Richemont group, UNFPA, Christie’s, Capital Partners сынды компаниялармен ынтымақтастықты қамтиды.
Étage – TDC халықаралық сыйлығының лауреаты. Type Directors Club —әлемнің типографика және графикалық дизайнмен жанасатын салалардағы кәсіпқойларының жаһандық ұйымы.  TDC -тың жыл сайынғы "World’s Best Typography" іс-шарасында Étage өнімі "Typographic Excellence" сертификатымен марапатталған. Étage бейне-жобалары халықаралық плафтформаларда ұсынылған: Nowness Asia-да жарияланған және Berlin Commercial Festival-дің шорт-парағына енген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу