Жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) бұрынғы UFC жауынгері қазақстандық Дамир Исмағұлов 13 шілдеде Алматыда өтетін Hardcore FC промоутерлік турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дамир Исмағұлов 33 жаста. Қазақстандық спортшы 2014 жылы аралас жекпе-жекте дебют жасап, 2018 жылдың желтоқсанында алғаш рет UFC-де өнер көрсетті. Ол әлемдегі ең беделді ұйымда барлығы бес кездесуде жеңіске жетіп, ресейлік Арман Царукян мен америкалық Грант Доусонға қарсы жекпе-жекте жеңіліс тапқан.
Исмағұлов өзінің соңғы жекпе-жегінде "Наше Дело 82" турнирінде кикбоксинг ережесі бойынша ресейлік Эдуард Вартанянға ұпай саны бойынша есе жіберді. Ал, 23 жастағы Климов соңғы жекпе-жегінде екінші раундта Фазлидин Мадрахимовтан техникалық нокаутпен жеңілген болатын.
Турнирдің басты жекпе-жегі "Қазақ Терминаторы" лақап атымен танымал Мұратбек Қасымбай TUF шоуының жеңімпазы, UFC ардагері Диего Брандаоға тиесілі HFC MMA белбеуін иеленуге тырысады.