"Team Kazakhstan" жобасы алғаш рет 2008 жылы Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың бастамасы бойынша құрылған еді. Осы бағдарлама ел теннисінің ертеңгі күнінің жарқын болуына басталған алғашқы қадам болды. Алғашқыда нәтижесі қалай болар екен деп алаңдаған мамандар енді міне, осы күні еңбектің жемісін көре бастады. Бұл бағдарламаның түлектері әлемнің әр түкпірінде ел намысын қорғап жүр. Солардың бірі Дана Байдаулет. Ол Украинаның Киев қаласында өткен халықаралық турнирге қатысып, жеңімпаз атанды.
Қазақстандық теннисші ақтық сында Олеся Ревваны 7:5,7:5 есебімен жеңді.
Финалға шыққанға дейін қазақстандық спортшы жартылай финалда Дарья Журидті 0:6,6:0,6:2 есебімен қапы қалдырып, ¼ финалға жолдама алды. Ширек финалда Дана София Чернаморскаямен кездесті. Қорытынды есеп 6:2,6:0.
Екінші айналымда ол Валерия Корнееваны 6:1,6:0 есебімен ұтты. Ал алғашқы кездесуде біздің теннисші Мария Попованы 6:0,6:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Сондай-ақ Дана Байдәулет Дарья Журидпен бірлесіп, жұптық сынға да қатысты. Турнирдің финалында қазақстандық теннисшілер жұбы Олеса Ревва мен Анна Медведевалардан 6:3,7:6(2) басым түсті.
Сонымен қатар осы аптада қазақстандық теннисшілер Дмитрий Попко мен Григорий Ломакин АҚШ-та өтіп жатқан US Exhibition Series көрме турниріне қатысады. Ертең Дмитрий Попко американдық Майкл Редлицкамен кездеседі. Ал Григорий Ломакин француз Жан Тиринге қарсы ойнайды. Жақында Дмитрий Попко үш сетте 6:4,4:6,13:1 есебімен колумбиялық Николас Мехияны жеңсе, ал Григорий Ломакин америкалық Себастьян Мурильоны және Жорд Голлдхофты ұтқан болатын.
Ермұхамед Мәулен