Даниал Ахметов қызметінен кетті

2970

Ол облысты 2014 жылдан бері басқарды. 

Даниал Ахметов қызметінен кетті Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.  

Даниал Ахметов облысты 2014 жылдан бері басқарып келеді. Осы уақыт ішінде ол үш рет – 2017, 2019 және 2022 жылдары әкім қызметіне қайта тағайындалды.

Былтыр 11 маусымда Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Даниал Ахметовтің өкілеттігі бір жылға ұзарғанын хабарлаған болатын.

Бұған дейін 2007 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қорғаныс министрi болса, 2009 жылы бұл қызметтен жеке бизнеске ауысқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу