Данилина ITF Франция 16A турнирінің жеңімпазы атанды

1556

Анна Данилина – жұптық сайыс бойынша еліміздің бірінші ракеткасы.

Данилина ITF Франция 16A турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Анна Данилина украиналық теннисші Валерия Страховамен бірге Францияда жүлде қоры 60 мың долларды құрайтын турнирде жеңіске жетті.

Финалда көшбасшылар Мария Лурдес Карле (Аргентина)/Мария Тимофееваны (Ресей) жеңді. Матч басталысымен теннисшілер брейкпен алмасты. алмасуымен басталды. Бірақ, содан кейін Мариялар белсенділік танытып, қатарынан үш ұпай иеленіп, алғашқы кезеңде 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Екінші сетте есеп 3:3 болғанда Анна мен Валерия екі брейк жасап, ойында жеңіске жетті - 6:3. Шешуші супер тай-брейкте қазақстандық-украиналық дуэт екі матч-пойнтты өз еншілеріне жазып, жеңісті жұлып әкетті – 14:12.

Франциядағы чемпиондық атағы Данилинаның мансабындағы жұптық сайыста иеленген 25-ші титул болды. Оның ішінде ол Халықаралық теннис федерациясының (ITF) демеушілігімен 24 жеңіске жетті. Сонымен қатар Данилина осы жылдың қаңтарында Сиднейде WTA250 сериясы турнирінде бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жеңіске жетті. Ал Страховамен бірлесе отырып қазақстандық теннисші бесінші турнирде үздік нәтиже көрсетті.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу