Дания премьері: Трамптың Гренландияға қатысты ойы сандырақ

3319

Дания премьер-министрі Метте Фредериксон АҚШ-тың Гренландияны сатып алуына қатысты пікірін айтты. 

Дания премьері: Трамптың Гренландияға қатысты ойы сандырақ

Ол Трамптың аралға қызығушылық танытуын сандыраққа теңеді. 

"Гренландия сатылмайды. Гренландия Даниянікі емес. Гренландия тек Гренландияға тиесілі. Мұның бәрі әзіл деп үміттенемін" ,– деді Фредериксон.

Трамп бұған дейін Гренландияны сатып алу туралы мәселені бірнеше мәрте көтерген болатын. CNN дерегі бойынша, ол өткен аптада осы ойымен Ақ үй адвокатымен бөліскен еді. Жексенбі күні ол тілшілерге берген сұхбатында Гренландяиның Данияны артқа тартып, оны шығынға батыруда дегенді айтты. 

"Дания – біздің сенімді серіктестіміз. Біз – Данияны қорғаймыз. Сондықтан осындай тұжырымға келдік. Стратегия жағынан бұл тиімді, сондықтан біз олармен осы турасында сөйлесетін боламыз", –деді Трамп өз сөзінде. 

АҚШ бұған дейін де Данияның автономиялық ауданын сатып алмақшы болған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ел президенті Гарри Трумэн Данияға 100 млн доллар ұсынған. Бірақ олар Трумэнның ұсынысынан үзілді-кесілді бас тартқан болатын. Ал 1867 жылы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Уильям Сьюард Гренландияға қызығушылығын танытқан еді. 

АҚШ-тың, әу, бастан, көздегені – Арктикадағы әскери ықпалын күшейту. 

Айта кетейік, Трамп келесі айда Данияға іссапармен барады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу