90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Даниял Сапарбай өзбекстандық Жахонгир Зокировпен кездесті.
Үш раундтық жекпе-жек нәтижесінде төрешілердің бірауызды шешімімен (5:0) жеңіс Жахонгир Зокировқа берілді.
Осылайша, Жахонгир Зокиров финалға шығып, "алтын" үшін таласатын болса, Даниял Сапарбай қола медальді қанағат тұтты.
Жахонгир Зокировтың 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, сондай-ақ, 2022 және 2023 жылдары 22 жасқа дейінгі Азия чемпионаттарында екі дүркін чемпион атанған. 
Айта кету керек, Даниял Сапарбай ширек финалда үндістандық Нарендерді тартысты жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын.
Әлем кубогының бірінші кезеңі 6 сәуірде аяқталады, ал екінші кезеңі 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда өтеді. Жарыстың финалдық кезеңі Үндістанда өтеді деп жоспарланған.
Бүгін, аталмыш турнир аясында 4 сәуір тағы 5 қазақстандық былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады:
- Нұрсұлтан Алтынбек
- Диас Молжігітов
- Дәулет Төлемісов
- Жазира Орақбаева
- Ұлжан Сәрсенбек