Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-та ем қабылдап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Боксшы АҚШ-тан оқырмандарына бейнеүндеу жасады.
"Бүгінгі таңда ем қабылдауды бастадым. Бұл тамырға дәрі құю ғана емес, кешенді түрде емделіп жатырмын. Меніңше, бәрі жақсы болады. Сондықтан бұған дейін айтқан сөздеріме, біреуді ренжітіп қойғаныма немесе артық сөздер айтқаныма мән бермеңіздер. Кімнің басынан өтпейді. Менің жаман әдетім – эфирге шығу. Алайда енді олай болмайды деп ойлаймын. Себебі осы дерттен арылуға шындап кірістім. Таяуда қатарға қосыламын. Бұрынғыдай көңілді, бақытты Данияр қайта оралады", – деді боксшы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу