Данияр Елеусінов Қазақстанда жекпе-жек өткізеді

1534

Данияр Елеусінов соңғы рет былтыр қараша айында жұдырықтасқан болатын.

Данияр Елеусінов Қазақстанда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Нұр-Сұлтанда жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Олимпиада чемпионының менеджері Зия Әлиев мәлімдеді. Ал бокс шоуының екінші маңызды оқиғасы ауыр салмақтағы Иван Дычконың (10-0, 10 КО) жекпе-жегі болмақ және оның қарсыласы да осал емес екені белгілі болды.

"Бокс кешін өткізу үшін желтоқсан айын таңдадық. Шілдеде Иван Дычко шаршы алаңға шыққанына қарамастан, тағы бір жекпе-жек өткізеді. Ал Даниярға бір кездесудің өзі жеткілікті. Біз оларға лайықты қарсылас таңдаймыз", - деді Зия Әлиев.

Боксшының менеджері іс-шараның қай күні өтетінін нақты айтқан жоқ. Өйткені қазір бокс шоуын өткізу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Зия Әлиевтің айтуынша, кешті ұйымдастыруға қосымша қаржылық шығындарға баруға дайын. Өйткені бұл іс-шара біраз жанкүйерлерді жинайтыны анық.

"Мен осал қарсыласты алып келмеймін. Бұл бәсекелі жекпе-жек болады. Данияр дәл сол жекпе-жекті АҚШ-та да өткізе алады. Бірақ біз оны Қазақстанда өткізуді жоспарлап отырмыз. Мен оған ең мықты деген қарсыласпен келіссөз жүргіземін. Қарсылас келіссе, мен артық төлеуге дайынмын.

Иван Дычкоға келер болсақ, оның да қарсыласы мықты болады. Бағдарламаның жоспары осындай. Егер рұқсат берілсе, 25 мың көрерменді жинай аламыз деп ойлаймын. Әрбір жекпе-жек жеке шоу. Әрбір кездесу алғашқы секундтан соңғы секундқа дейінгі тартысты өтеді. Керемет кеш жасаймыз", - деп түйіндеді Әлиев.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Елеусінов өзінің алғашқы кәсіби титулын бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны мерзімінен бұрын (23-3, 12 КО) жеңгеннен кейін иеленген болатын. Бұл жетістік қазақстандық боксшыға жалпы рейтингте алға жылжып, IBF классификациясында жартылай орта салмақта он үздік боксшы қатарына қосылуға мүмкіндік берді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу