Данияр Елеусінов Мексика жігітін нокдаунға түсірді

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2910

Қазақтың күрзі жұдырықты жігіттерінің бірі Америка төрінде кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Данияр Елеусінов Мексика жігітін нокдаунға түсірді

Кәсіпқой бокс рингінде атой салып жүрген жігіттеріміздің бірі бүгін Қазақ елі жанкүйерлерін қуантты. Атап айтқанда, Данияр Елеусінов бүгін таңертең АҚШ-тың Филадельфия қаласында шаршы алаңға шығып, Мексиканың Сильверио Ортис (37-23, 18 КО) деген тәжірибелі боксшысын жеңді.

Елеусінов пен Ортис жекпе-жегі сегіз раундқа созылды. Жартылай орта салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте қазақ боксшысы үстем түсті. Ол 36 жастағы қарсыласын жетінші нокдаунға түсірді де. Бірақ... құлап бара жатқан Мексика жігітін басынан ұрып, бір ұпайынан айырылды.

Әйтсе де, кәсіпқой бокс рингінде алтыншы рет жеңіске жетті. Төрешілер жеңісті бірауыздан Даниярға берді. Есеп – 79:70, 79:71 және 79:71. Осы ретте Сильверио Ортистің жаны сірі боксшы екендігін де айта кетуге тиіспіз. Ол Елеусіновтің пәрменді соққыларына төтеп беріп, сегіз раунд бойы төзімділік танытты. Бірақ гонг үні естілгенше шыдағанымен, 24-ші рет ұтылды...

Айта кеткеніміз жөн болар, Данияр жақында бапкерлерін толықтай ауыстырған. Өзі соңғы бір айдағы жаттығу жұмыстарын Кори Спинкспен өткізгендігін тілге тиек етіпті. Енді алға ентелеп, өзі шабуылдап отыруға тырысқандығы байқалады. Кәсіпқой боксқа әлі-ақ бейімделіп кетіп, нокаут күткен жанкүйерлерін де қуантады деп сенеміз.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу