Данияр Елеусінов: "Өзімнің мықты боксшы екеніміді көрсеткім келеді"

1913

Елеусіновтің кәсіпқой рингтегі ең маңызды жекпе-жегі 27-қараша, жұма күні кешке Голливудта, ал Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 28-қараша, сенбі күні таңертең басталады. Қазақстандық боксшы мен Джулиус Индонго IBF Inter-Continental титулын иелену үшін жұдырықтасатын болады.

Данияр Елеусінов: "Өзімнің мықты боксшы екеніміді көрсеткім келеді"

Джулиус Индонго WBA (2017), IBF (2016-2017) және IBO (2016-2017) нұсқалары бойынша жартылай жеңіл салмақтағы Әлем чемпионы. Намибиялық бұған дейін өткізген 25 жекпе-жегінің 23 жеңіспен (12 мерзімінен бұрын) және екеуін жеңіліспен аяқтаған.

Елеусінов әуесқойлар арасында 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жүрген болатын.  Бірақ, 66,6 келіге дейін салмағын азайтуға тура келді. Қазіргі уақытта оның жеке рекорды - тоғыз жекпе-жектің барлығында да жеңіске жеткен. Оның ішінде бес кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған.  Жекпе-жек қарсаңында өткен салмақ өлшеу рәсімінде қазақстандық боксшының салмағы 66,5 келі болса, Индонгоның салмағы 66,3 келіні көрсетті. Осылайша Данияр қарсыласынан сәл де болса ауыр екені белгілі болды.

Боксшылар осы жылдың басында кездесуі мүмкін еді. Олардың жекпе-жегі наурыз айына жоспарланған болатын, бірақ пандемияға байланысты кездесу кейінге қалды. 17 сәуірге жоспараланған кездесу тағы да шегерілді. Енді міне, 28 қараша күні жұдырықтасады.  

Намибиялық боксшыға келер болссақ, ол  дебюттің патшасы. Себебі алғашқы раундтарда өте қауіпті. Боксшының бұл қыры туралы көптеген сарапшылар ерекше атап өтті. Индонго – жекпе-жектің басындағы өткір және айқын соққылардың шебері. Оның көптеген қарсыластары не болғанын білмей де қалады. Джулиустан тағы не күтуге болады? Бірыңғай соққылардан кейінгі қатты соққы. Мұндай кезде Даниярға өте мұқият болу керек. Әйтпесе нокдаунға түсуі де мүмкін. Сонымен қатар Индонго Даниярға қарағанда дене бітімі ірілеу. Бұл біздің Олмпиада чемпионына біраз қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұған тек техникалық тұрғыдан мықты дайындықтың арқасында төтеп беруге болады. Дегенмен намибиялық боксшы бір жылдан астам уақыт рингке шықпаған. Сондықтан физикалық тұрғыдан дайындығы аз болса, қарсы шабуылдарда қателіктер жіберуі де мүмкін.

Бұл жекпе-жекке қатысты Данияр өз пікірін білдірген болатын.

"Индонгоға менің үндеуімді қабылдағаны үшін алғыс айтамын. Ол бұрынғы Әлем чемпионы. Бұл мен үшін тамаша жекпе-жек және Hard Rock-тағы керемет бокс шоуы болады. Мен өзімнің мықты боксшы екеніміді көрсеткім келеді. Бұл шоу менің жанкүйерлеріме ұнайды деп ойлаймын", - деді қазақстандық боксшы.

Жалпы жекпе-жекке қатысты ешқандай нақты кедергілер жоқ. Керісінше, Олимпиада чемпионына мұндай боксшылар аса қиындық туғызбайды деп ойлаймыз. Данияр қызуқанды болмағанымен, нақты әрі сабырлы әрекет етеді. Біз жерлесімізден мықты жекпе-жек пен жеңіс күтеміз!

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу