Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты

1318

Токио Олимпиадасынан келіп жеткен соңғы жаңалықтар.

Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты

Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы 1/8 финалда жапониялық Отогуро Кейсукеден басым түсті. Қайсановтың келесі қарсыласы мысырлық палуан Амр Реда Хуссен.

Сондай-ақ Токиодағы Олимпиада ойындарында ерлер арасында ашық суда жүзуден жарыс өтті. Бұл спорт түрінен Қазақстанның атынан Виталий Худяков өнер көрсетті. 10 шақырымдық жүзудің нәтижелері бойынша Худяков 1: 57: 53.7 уақыт көрсеткішімен мәреге 21-ші болып келді. Бірінші орынды Германия өкілі Флориан Велбрук алды. Кристоф Разовски күміс жүлдегер атанды. Үздік үштік қатарын италиялық Григорий Пальтринери толықтырды.

Бүгін биіктікке секіруден Олимпиада ойындарында іріктеу жарысы өтті. Екі топтағы сайыстың қорытындысы бойынша 1,95 немесе 12 ең үздік нәтиже көрсеткен спортшылар финалға шықты. Әр топта өнер көрсеткен қазақстандық Надежда Дубовицкая мен Кристина Овчинникова 1,86 көрсеткішімен 28-нәтиже көрсетіп, жарыстың финалына өте алмады. Бұл спорт түрі бойынша финал 7-тамызда, сағат 16:35-те басталады.

Бұдан бөлек еркін күрестен Нұрислам Санаевтың Токиода Олимпиадасының қола жүлдесі үшін өтетін жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды. Ол 57 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесуінде колумбиялық Оскар Эдуардо Урбаноны жеңген Болгария өкілі Георгий Вангелов. Санаев пен Вангелов арасындағы кездесу Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 16.30-ға жоспарланған.
Айта кетейік, Нұрислам Санаев бір күн бұрын жартылай финалға шығып, онда үнді балуаны Рави Кумардан жеңіліп қалған болатын. Бұған дейін ол Гвинея-Бисаудан келген Диамантино Юну Фафадан және жапониялық Юки Такахашиден (5:4) басым түсті.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу