Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

546

Турнир 21-25 тамыз аралығына жоспарланған.

Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды Фото: Olympic.kz

Қазақстандық велоспортшы Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Велошабандоз кейрин бағдарламасында сынға түсті. Ол жеңімпаздан  +0.026 секундқа ғана қалып қойған. 

Осылайша, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Айта кетелік, тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі Қытайда өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу