Dar Rail мен монополияға қарсы комитет тарифті бөле алмауда

4993

ТРМКжБҚ осыдан 1,5 жыл бұрын қызмет түрлері бойынша бекітілген мөлшерлемелерді бөлшектеуден бас тартып, ойыншыны теміржолмен жүк тасымалдау нарығына кіргізбей отыр.

Dar Rail мен монополияға қарсы комитет тарифті бөле алмауда

Локомотивпен тарту қызметін ұсынатын Dar Rail компаниясы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне теміржол көлігімен жүк тасымалдауға қатысты реттелетін қызметке арналған шекті бағаны мақұлдауға өтініш білдірді. Алайда ТРМКжБҚ компанияның бұл қызмет көрсетуге қатысты тарифі 1,5 жыл бұрын локомотивтің тартым қызметі тарифтерімен бірге бекітілген деп есептейді.

Естеріңізге сала кетейік, теміржол тасымалдарын ырықтандыру аясында жүк тасымалдау саласында қызмет көрсету құқығымен 28 лицензия берілген, оның ішінде төрт компания магистралды теміржол желісіне (МТЖ) енуге өтініш берген. Оның үшеуімен "Қазақстан темір жолы" қазір келісімшарт жасаған.

Мәселен, теміржолмен жүк тасымалдауға "Транском", "ТТТ-Сервис" ЖШС лицензия алған. Жақында Dar Rail компаниясы да рұқсат алып, содан кейін тарифтерді мақұлдау үшін комитетке өтініш берген болатын. Алайда реттеушінің ұстанымын естігеннен кейін, тасымалдаушы келіспеді.

Мәселенің төркіні
Dar Rail ЖШС-ы 2016 жылдың мамыр айында тіркелген. Компанияның негізгі қызметі – локомотив тартымы қызметін көрсету және магистралды теміржол желісіне ену. Жеке жүк тасымалына мүмкіндік берген темір жол реформасынан кейін, компания жаңашылдықты пайдалану үшін бизнесті қайта құруға шешім қабылдаған. Мемлекеттің көрсетілетін қызмет сапасының өсуіне мән беріп, құруға тырысып жатқан қоғамдық маңызы бар нарықтардағы бәсекелестік кәсіпорынның менеджментіне дем берген сияқты.

Қазір компания "ҚТЖ- Жүк тасымалы" ("ҚТЖ-ЖТ") ҰК-мен арадағы келісімшарт шеңберінде локомотив тартымы операторы қызметін көрсетіп жатыр. Ол бір жарым жыл бойы Екібастұз-2 учаскесімен –Екібастұз Солтүстік станциясы, Екібастұз-2 – Екібастұз Солтүстік-2 станциясында көмір тасымалдауда локомотив тартымын ұсынып келеді.

Кәсіпорын бұл қызмет түрін іске асыру үшін меншігінде ВЛ-80 сериялы 20 электровозды ұстап отыр. Компания локомотив тартымы қызметін көрсетуде жинақталған тәжірибе тасымалдаушы қызметін көрсетуде көмек болады деп сенеді. Тасымалдаушы қызметін көрсету жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге арналған шекті бағаны мақұлдауға, МТЖ-ге енуге мүмкіндік бермек.

Шекті бағаны мақұлдауға арналған құжаттар тапсырылған, "ҚТЖ"-мен МТЖ операторы қызметін алуға келісімшарт жасалған. Жасалған келісімшарттың аясында кәсіпорын Павлодар облысында орналасқан бес учаске, атап айтқанда, Екібастұз-3-Ақсу-1, Екібастұз-3 – Павлодар Оңтүстік, Үшқұлын – Павлодар Оңтүстік, Екібастұз-2 – Екібастұз Солтүстік, Екібастұз-2 – Екібастұз Солтүстік-2 станциялары бойынша МТЖ қызметін көрсетуге рұқсат алған.

Кәсіпорын аталған бағыттардан басқа Қостанай облысындағы жоспарланып отырған төрт учаске бойынша МТЖ-ге рұқсат алуға өтініш берген. Өтініш қазір "ҚТЖ"-да қаралып жатыр. Компания процесс аяқталмағандықтан, шекті бағаны қарауға арналған смета МТЖ-ге рұқсат алынған бес учаскенің есебінен жасалғанын айтты.

Жаңа келісімшарт жаңа сметаны талап етеді
Өтініш беру мен МТЖ-ге енуге рұқсат алу "Еуразиялық Топ" (ERG) арадағы жүк тасымалдауға арналған алдын ала уағдаластықпен шарттасқан. Негізінен, келісімшарт "Еуроазиаттық энергетикалық корпорация" АҚ-мен, "ССТӨБ" АҚ-мен, "Қазақстан Алюминийі" АҚ-мен келісімшарт жасалған.

Хаттамаға сәйкес тасымалданатын жүктің жалпы көлемі 26,8 млн тонна. ERG кәсіпорындарымен басқа "Исткомтранс" ЖШС-мен 15,7 млн тонна көмір тасымалдауға уағдаластыққа қол жеткізілген. Қостанай және Павлодар облыстарының бағыты бойынша тоғыз бағытты қамтитын жоспарлы тасымалдаудың жалпы көлемі 42,5 млн тонна. Шығындар сметасына МТЖ-ге енуге рұқсат алынған бес учаске қосылған. Бұл тасымалдаудың көлемі 29,6 млн тоннаға тең. Қосымша бағдарларда тасымалдау көлемі 12,8 млн тонна.

Қызметті ойдағыдай әрі сапалы көрсету үшін кәсіпорыннан тартымдық жылжымалы құраммен техникалық жабдықталуды талап етеді. Сметаға енген бағыттар үшін талап етілетін техникалық жабдықталудың саны кәсіпорынның меншігіндегі локомотив санымен жабылады. Төрт бағыт бойынша қосымша тасымалдауды орындау үшін тағы бес электровозды сатып алуға және екі тепловозды жалға алу қажет болады.

Тасымалдау құрылымындағы бағдарлардың бірі электрмен жабдықталмағандықтан, тепловозды жалға алу маңызды болып отыр. Есептеу бір локомотивке қызмет көрсетушілердің есебінен алынған.

Қазақстандағы Павлодар Оңтүстік – Құлынды станциясы, Железорудная станциясы – Магнитогорск станциясы, Железорудная – Күйбас станциясы, Майлин – Железорудная станциялары бағдарын игеру есебінен тау-кен-металлургиялық жүктерді тасымалдау көлемінің артуы – қызметті дамытудың әлеуеті. Бұл – МТЖ-ге өтініш берілген учаскелер. Ұзақмерзімді келешекте ERG тобы кәсіпорындарының басқа бағыттары бойынша жүк тасымалдауды арттыру қарастырылуда.

Бұған қоса, Dar Rail компаниясы локомотивтер паркін арттырудың инвестициялық бағдарламасын әзірлеген. Бағдарлама екі жобаны іске асыруды қарастырады. Оның біріншісі – 2020 жылға қарай тасымалдау көлемін арттыру үшін ауыспалы токпен жүретін 50 электровоз сатып алу жобасы. Екінші жоба – баланстағы 20 электровоздың 16-сына күрделі жөндеу жүргізу. Шығыстар сметасында басқа ұйымдардың МЖТ операторы қызметін төлеуге қатысты қызметтері 61%-ды құрайды, одан әрі электр энергиясына, жылжымалы құрамды жөндеуге арналған шығыстар бар.

Бөлуге болмайды, қалдыру керек
Компанияның мәліметінше, мақұлдауға берілген тариф "ҚТЖ-ЖТ"-ның қолданыстағы тарифтерінен ерекшеленбейді. Жобаны іске асыру барысында 170 жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Айнымалы токпен жүретін бұрын жүрілген 50 электровозды сатып алуды қарастыратын инвестициялық бағдарламаға ҚҚС-сыз 3,7 млрд теңге қаражат салынған, 16 электровозды жөндеуге ҚҚС-сыз 1,1 млрд теңге қажет. Dar Rail компаниясының abctv.kz-ке хабарлауынша, инвестициялық бағдарламаны іске асыру пайда есебінен тарифтік сметаға қосқан.

ТРМКжБҚ өкілдерінің айтуынша, 2016 жылы департамент темір жол көлігі арқылы жүк тасымалдау және локомотивті тарту бойынша қызмет көрсетуге арналған шекті баға тарифі мақұлданған. Брутто-салмақтың тарифі бір шақырым үшін бір тоннаға 10 мың теңгені құрайды. Монополияға қарсы комитеттегілер компания бір қызмет көрсетуді екіге бөлгісі келеді, ал бұл қолданыстағы заңға қайшы деп есептейді.

Dar Rail компаниясы жүк тасымалдау мен локомотив тартымы қызметін ұсыну екі бөлек дүние екенін айтып отыр. Соған сәйкес тарифтері де әртүрлі болуға тиіс. Кәсіпкерлік кодексте локомотив тартымы қызметін көрсету екімөлшерлі тарифті қарастыратыны айтылған.

Тарифтің өзгешелігі қазіргі уақытта компанияның локомотив тартымы операторы қызметін ұсынып отырғанымен, ал алдағы уақытта темір жол көлігімен жүк тасымалдау қызметін ұсынатындығында болып отыр. Сондай-ақ қызметті тұтынушылар да өзгеруде. Локомотив тартымы операторының қызметін тұтынушы – "ҚТЖ-ЖТ", жүк жіберушілер теміржол көлігімен жүк тасымалдау қызметін тұтынушы болып табылады. Тұтынушы өзгергенімен, қызметтің өзі өзгермейді деп отыр реттеуші.

"Бізге операциялық қызметтер қосылды, бірақ тек бір қызмет қалды. Біз соны бөле алмай отырмыз. Мысалы, электрмен жабдықтау дейік, яғни "АстанаЭнергоСбыт" компаниясына тұтынушы өзгерді екен деп, бірнеше тарифті бекіте алмаймыз ғой. Ол тариф көтерілгенде шығуға тиіс", – деп ТРМКжБҚ, теміржол көлігімен ЛТ және жүк тасымалдауға арналған қызмет бір қызмет болып саналатын кәсіпкерлік кодекске сілтеме жасады.

"Транском" тасымалдау компаниясының өкілі компания "ҚТЖ"-ға және жүк жіберушіге де қызмет көрсететінін айтты. Сондай-ақ "Транском" да жүк тасымалдауға лицензия алғанын және алдағы уақытта локомотив тартымы қызметін ұсынуды жоспарлап отырғанын айта кету керек.

"Бүгінгі күнге дейін тасымалдау қызметін тек "ҚТЖ" көрсетіп келген. Локомотив тартымы қызметі деген не? Бұл субъектің қолында өзінің локомотиві және жұмыскерлері бар, және ол осы қызметті темір жолға беріп, ал теміржол локомотивтерді жалпы тасымалдау көлемінде пайдаланады. Ал қазір темір жолды реформалағаннан кейін, нарықтың жаңа – жүкті тасымалдау бойынша қызмет көрсететін нарықтық субъект пайда болды", – деді компания өкілдері.

Аталған қызмет көрсету жүк жіберушімен келісімшарт жасау, жүктің жауапкершілігін өздеріне алу, жүкті жөнелтетін станцияда бірқатар коммерциялық операция жасау, құжаттарды рәсімдеу, жүкті қабылдап алу, өз локомотивін қою, станцияға шығу, бағдарды жасау, жүкті алушыға дейінгі қозғалысты жасау және жүк келіп жеткеннен кейінгі барлық операцияны қарастырады.

Бұл мүлдем басқа субъект: бүгінгі күні барлығын "ҚТЖ" жасайды. Яғни жүк жіберушімен келісімшарт жасайды, жауапкершілікті мойындарына алады және т.б. Мұндай тасымалдаушы бұрын болмаған.

ТРМКжБҚ болса бұл мәселені бұрын неге көтермегенсіңдер, тек МТЖ-ға қолжеткізуге лицензия алғаннан кейін ғана көтеріп отырсыңдар, ал тариф осыдан 1,5 жыл бұрын мақұлданған ғой деп орынды сұрақ қойды. Dar Rail компаниясы уақытты жіберіп алғанын мойындайды. Алайда бұрын темір жолкөлігімен жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсету мүмкін болмағанын, тасымалдауға арналған лицензияны тек биыл ғана алғандарын айтып компанияда өз дегенінен қайтпай отыр.

Қоғамдық тыңдалым барысында тараптар бір келісімге келе алмады. Тыңдалым нәтижесі бойынша бұл мәселені сараптамалық кеңес отырысында қарауға шешім қабылданды.

Майра Медеубаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу