Дариға Назарбаева: "Қазіргі заман белгісіздік пен қорқыныш дәуірі"

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
2191

Астанада өтіп жатқан XV Еуразиялық медиа форумның жұмысы одан әрі жалғасын тапты.

Дариға Назарбаева: "Қазіргі заман белгісіздік пен қорқыныш дәуірі"

"Қазіргі заманды белгісіздік пен үрейдің, икемге көнбейтін еркіндік заманы деп атап жүр. Шынымен солай ма? Жақында ғана жаһандану прогрестің шарықтау шегі деп аталды. Енді ол қорқыныш ұялатып, оны радикализм, ұлтшылдық идеяларына қарсы салыстыра бастады. Бұл дауда кім жеңіске жетеді? Терорристік  соғыс, Таяу Шығыстағы  азаматтық соғыс, босқындардың қашуы  ЕО елдері үшін күрделі мәселеге айналды",  – деді Еуразиялық медиа форумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева.

Астанада жыл сайынғы дәстүрлі Еуразиялық форумының екінші күнінде ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын жеткізді.

"Миллиондаған адамның проблемасын шешуге тырысу үшін ашық диалог алаңын құру өте маңызды. Технологияның дамуымен ақпараттық орта да өзгеріске ұшырауда. Осы ретте форумға қатысушыларды ЭКСПО-2017 көрмесін аралауға шақырамын. Себебі мұнда жаңа әлеуметтік және технологиялық өзгерістерге куә бола аласыздар", деген елбасы форум жұмысына табыс тіледі. 

Өз кезегінде Дариға Назарбаева бүгінгі күннің сын-қатерлері мен оған төтеп беру жолдары туралы пікірімен бөлісті.

"XV Еуразиялық медиа форумды қатысушылардың барлығы ұйымдастырды. Шараға мемлекеттік деңгейде ірі банктер мен корпорациялар қолдау көрсетті. Форумның ұйымдастыру комитеті талқылауға ең маңызды шараларды шығарды. Өкінішке қарай, олардың саны сиремей тұр: Қазір  белгісіздік және қорқыныш дәуірі болып отыр. Шынымен солай ма?  Жақында ғана жаһандану прогрестің шарықтау шегі деп аталды. Енді ол қорқыныш ұялатып, оны радикализм, ұлтшылдық идеяларына қарсы салыстыра бастады. Бұл дауда кім жеңіске жетеді? Терорристік соғыс, Таяу Шығыстағы азаматтық соғыс, босқындардың қашуы  ЕО елдері  үшін  күрделі мәселеге айналды", – деді Дариға Назарбаева.

"Британ әлеуметтанушысы Зигмунд Баума адамның екі басты құндылығы бар деп айтқан болатын. Ол қауіпсіздік пен бостандық. Олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.  Бостандықсыз қауіпсіздік – бұл хаос, ал    қауіпсіздіксіз  бостандық – бұл құлдық.  Жеке бостандық пен оның  таңдаулы қауіпсіздігі – күрделі талас. Қазіргі заманғы ұрпақ нені таңдайды?" – деді Дариға Назарбаева.

Назарбаеваның айтуынша, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму қарқыны бізге құндылықтар мен қалыптасқан көзқарастарға басқаша қарауды үйретті. Ол қазіргі заманғы адамның ойлау жүйесін қалыптастырады.

"Цифрлық революция" мен  жаппай ақпарттандыру неге әкеледі? Адамның өмірі қалай өзгереді? Біз жаңа гармониялы әлемді ұрыс-керіс, соғыс, пессимизм мен негативтік ойлармен құра алмаймыз. Біз  тарихи реніштер мен  өткеннің қайғылы  оқиғалары әсер етпейтін  қуатты  жас ұрпақты тәрбиелеуіміз керек", – деді сенатор.

Сондай-ақ, ол  форумның қызу тақырыптарының бірі ақпараттық соғыстың ортасында жүретін БАҚ тақырыбын атап өтті.

"Журналистік этика мәселесі көтерілуде. Бүгінде ақпарат  тарату саласын таңдаған адамдардан Гиппократ антын қабылдау сынды "зиян келтірме" деген ұстаным қолдану керек сияқты. Пікірталас барысында біз бір-бірімізге сұрақтарға жауап алуға жәрдемдесеміз деп ойлаймын", – деді Дариға Назарбаева.

Ал шарада сөз алған "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басшысы Ахметжан Есімов шараға қатысушыларды атаулы көрмеге шақыра отырып, бүгінге дейін көрмеге келген қонақтар санының 300 мыңнан асқанын, ал кіру көрсеткіші 2 млн-ға жеткенін хабарлады. Оның айтуынша, егер осы қарқын сақталатын болса, Астанадағы ЭКСПО-ға жалпы саны 2 млн адам келіп, 5 млн билет сатылмақ.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу