Дариға Назарбаеваның отставкасы туралы саясаттанушылардың пікірі

Сарапшылар: тосыннан болған жаңалық таңқалдырды. 

Дариға Назарбаеваның отставкасы туралы саясаттанушылардың пікірі

Inbusiness. kz тілшісі саясаттанушылармен хабарласып, мұндай саяси шешім не үшін қабылданғанын сұрады.
Айта кетейік, отставка туралы жаңалық 2 мамыр күні таңертең жарияланды. Кейбіреулерді бұл жаңалық тосыннан болғаны таңқалдырды. "Аяқ асты және түсініксіз", – кейбірі ойын осылай қысқаша жеткізді. Көпшілігі кейінірек пікір білдіруді жөн көрді.
Бізге Айдос Сарыммен хабарласудың сәті түсті.

Дариға Назарбаева президенттік тізіммен тағайындалған сенаторлардың қатарына кіретін. "Президент кімнің өкілетін тоқтататын өзі біледі. Егер есіңізде болса Дариға Назарбаева өткен күзде ғана қайта тағайындалды, сондықтан бұл тағы да президенттің шешімі және ол тізім, квотасына  (сенатқа) байланысты өзгерісті қашан қабылдайтынын өзі шешеді", – дейді сарапшы.

Оның пікірінше жарлық саяси элитаны шоғырландыруға байланысты болуы мүмкін.

"Карантин мен төтенше жағдай аяқталғаннан кейін, Қазақстан жаңа жағдайға кіреді, ол үкімет пен басқарушы элитадан ауқымды жұмысты талап етеді. Бірнеше тартылыс орталығы, бірнеше пульт бар жерде реформа жасау өте қиын. Сайлау барын да ұмытпайық. Билік, әрине, саясат алаңына қарап, басқарушылардың қаншалықты өзгере алатынын және тағы басқаларды көріп отыр. Мұның бәрі есепке алынатын шығар. Дариға Назарбаеваның қайда баратынын, сенаттағы орнына кім келетінін көреміз. Бұл да мұндай шешімнің не үшін қабылданғанын көрсетеді", – дейді Айдос Сарым.

Ол президенттің бұл шешімі "президент Тоқаевтың қолындағы биліктің толық болуына қарай бағыт алуын көрсетеді және билік пен қоғамға, жалпы барлық элита үшін белгі" екеніне сенімді.

"Менің ойымша маршалдық басқару туралы үлкен армандар екінші орынға кетеді (…) Осы арқылы Дариға Назарбаева президент болуы үшін дайындалған, Тоқаев бүгін-ертең қызметтен кетеді деген әңгімелерге нүкте қойылады. Бұл әңгімелердің барлығын жауып, ұмыту керек. Бұл анық",  – дейді ол.

Досым Сәтпаев бұл туралы пікірін "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне айтқан.

Саясаттанушының ойынша, Қазақстан сенаты сипкерінің қызметтен кетуі саяси элитаның ішіндегі шиеленістің көрінісі.
"Мұндағы ең қызығы, аталған кадрлық өзгерістер элитаның ішіндегі өткен жылдан бергі шиеленісті көрсетеді. Өйткені сенат спикерінің орны өте маңызды. Конституция бойынша – президенттен кейінгі екінші адам. Бұл қызметтегі кез - келген кадрлық өзгеріс әрқашан үлен қызығушылық тудырады", – дейді саясаттанушы.

Оның айтуынша, "ең қызықты сауал Назарбаеваға сенат спикерлігінен кейін қандай қызметті ұсынатыны туралы болады".

"Бұл өзгеріс Тұңғыш президент Назарбаевпен келісілгені түсінікті", – деп атап өтті сарапшы.

Досым Сәтпаевтың пікірінше,  Дариға Назарбаеваның орнына сенат спикері қызметіне кімнің  тағайындалатыны да аса маңызды. "Қандай өзгерістер болып жатқаны дәл осы кандидатураға байланысты. Кадрлық ауыс-түйіс Дариға Назарбаеваны бәлкім алдағы парламент сайлануынан кейін басқа саяси қызметке тағайындау белгісі ма? Әлде сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевпен тығыз байланысты адам болса, Президент позициясын нығайту үшін жасалып жатқан ерекше трендті көреміз. Бұл элитаның белгілі бір бөлігі, мүмкін көп бөлігі оны болашақ билік үшін шайқаста басты ойыншы деп көруінің белгісі болуы мүмкін.  Меніңше, бұл кадрлық өзгеріс элита арасындағы теңдік жағынан маңызды", – деді Досым Сәтпаев.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың сөзінше, бұл күтпеген шешім болды. Себебі өткен бейсенбіде ғана Дариға Назарбаева сенаттың пленарлық отырысын өткізген еді.

Оның айтуынша басында Дариға Назарбаеваның әкесімен альянсы тым қатты  әсіреленіп айтылды. Егер ол президент жасағысы келсе онда үлкен саяси, басқарушылық тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін еді. Мысалы, министр немесе әкім қызметі.

Қазір кулуарда сенат спикерлігіне үміткер болуы мүмін 5-6 адамның аты айтылуда. 

Саясаттанушы Дариға Назарбаеваға қатысты жаңа тағайындау болмайды, деп топшылайды. "Нұр Отанды басқару деген нұсқа бар. Мұндай мүмкіндік бар, алайда айтарлықтай үлкен емес", – дейді ол.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу