Дәрігерлердің қауіпсіздігін қатаң қадағалау айрықша назарда болуы тиіс – Мемлекет басшысы

Еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындаған.   

Дәрігерлердің қауіпсіздігін қатаң қадағалау айрықша назарда болуы тиіс – Мемлекет басшысы Фото: Ақорда

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шарада айтып өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Қазір де осы бағытта ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Нақты нәтижелер бар. Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш. Кейінгі жеті жылда еліміз бойынша 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды, – деді Президент.

Сол секілді, медициналық сақтандыру саласы да заман талабына сай жаңғыртылып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам маман қызмет етеді. Олардың мәртебесін көтеру әрқашан маңызды мәселе болып тұр. 

– Дәрігерлердің қауіпсіздігін қатаң қадағалау жұмысы айрықша назарда болуы тиіс. Осы мәселеге былтыр кәсіби мереке қарсаңында өткен жиында арнайы тоқталдым. Сол себепті мен осы жылдың басында медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы Заңға қол қойдым. Бұл шешім қоғамымызда берік орнығып жатқан Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді, – деді Мемлекет басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу